Ашық орган - №7 ОРТА МЕКТЕП https://7-ileaud.mektebi.kz/ ru Ашық орган - №7 ОРТА МЕКТЕП DataLife Engine Қамқоршылық кеңес мүшелерін құру https://7-ileaud.mektebi.kz/main/306-amorshyly-kees-mshelern-ru.html https://7-ileaud.mektebi.kz/main/306-amorshyly-kees-mshelern-ru.html https://disk.yandex.kz/i/Q4qH0vF70CArpw
https://disk.yandex.kz/i/-S2MYZvB-e1VGQ​​​]]>
admin Tue, 10 Oct 2023 13:58:55 +0600
Алматы облысында мектепте ақша жинаудың 20-дан астам дерегі тіркелді https://7-ileaud.mektebi.kz/main/281-almaty-oblysynda-mektepte-asha-zhinaudy-20-dan-astam-dereg-trkeld.html https://7-ileaud.mektebi.kz/main/281-almaty-oblysynda-mektepte-asha-zhinaudy-20-dan-astam-dereg-trkeld.html ]]>
📍Алматы облысында мектепте ақша жинаудың 20-дан астам дерегі тіркелді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл мектепте ақша жинау бойынша жедел желіге 20-дан астам қоңырау түскен.

Аталған мәселеге байланысты Антикор заң бұзғандардың үстінен әкімшілік және қылмыстық іс қозғалатынын ескертеді.

"Мектеп бітіруші түлектердің, жалпы оқушылардың ата-аналары қосымша шығындарды көтермеуі керек. Қазақстанда орта білім тегін беріледі. ҚР ӘҚБтК-нің 677-бабына сай, сыбайлас жемқорлықпен айналысқандарға 600 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал қылмыстық іс қозғалса, заңның 366-бабына сәйкес, тұлғаның мүлкі тәркілене отырып, пара сомасының 20 еселенген мөлшеріндегі айыппұлдан 15 жылға дейінгі мерзімге дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деп жазды ведомство.

Антикор мұғалімдерге құны 10 АЕК-тен асатын сыйлықтар беруге тыйым салынғанын да ескертеді. Әйтпегенде, сыйақы алған адам Қылмыстық кодекстің 247-бабы бойынша 2000 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Сондай-ақ Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары жоғарыда аталғандай жағдайлар кездессе, 1424 Call орталығына хабарласуға болатынын мәлімдеді.]]>
admin Thu, 18 May 2023 09:55:27 +0600
Дебат https://7-ileaud.mektebi.kz/main/259-debat.html https://7-ileaud.mektebi.kz/main/259-debat.html 2023 жылғы 07 сәуір  күні  «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті!"» тақырыбында аудандық дебат турниры жалпы білім беретін мектептердегі мектеп ішілік дебат турнирларының жеңімпаздарымен өткізілді.
Аудандық дебат ойындарының нәтижесі бойынша Мелькомбинат негізгі орта мектебінің "Жастар" клубы 8 "А"-сынып оқушылары: Жанзаков Азамат,Касымов Бекзат аудан бойынша жүлделі 1-орынды иеленді. Жетекшісі: Имангазинова Сауле Мубрахановна және Оспанова Бота Болатовна 
Құтты болсын! Шәкірттеріміздің биік белестен көрінуіне тілектес болған, осы дебат ойындарына шәкірт дайындаған ұстаздарымызға, мектеп басшысына алғыс!!! #лидердебаты #Жетісуоблысыпікірсайысқозғалысы #iamdebater #rumcdomonrk #мендебатермын #ядебатер #ұшқыройалаңы
@rumcdo_official
@sherraisa
@debat.almaty_obl



]]>
2023 жылғы 07 сәуір  күні  «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті!"» тақырыбында аудандық дебат турниры жалпы білім беретін мектептердегі мектеп ішілік дебат турнирларының жеңімпаздарымен өткізілді.
Аудандық дебат ойындарының нәтижесі бойынша Мелькомбинат негізгі орта мектебінің "Жастар" клубы 8 "А"-сынып оқушылары: Жанзаков Азамат,Касымов Бекзат аудан бойынша жүлделі 1-орынды иеленді. Жетекшісі: Имангазинова Сауле Мубрахановна және Оспанова Бота Болатовна 
Құтты болсын! Шәкірттеріміздің биік белестен көрінуіне тілектес болған, осы дебат ойындарына шәкірт дайындаған ұстаздарымызға, мектеп басшысына алғыс!!! #лидердебаты #Жетісуоблысыпікірсайысқозғалысы #iamdebater #rumcdomonrk #мендебатермын #ядебатер #ұшқыройалаңы
@rumcdo_official
@sherraisa
@debat.almaty_obl



]]>
admin Fri, 07 Apr 2023 13:47:37 +0600
Әрбір бала ерекше- барлық бала тең https://7-ileaud.mektebi.kz/main/280-rbr-bala-erekshe-barly-bala-te.html https://7-ileaud.mektebi.kz/main/280-rbr-bala-erekshe-barly-bala-te.html барлық бала тең" "Өрлеу" БАҰО филиалы республикалық институтының тренерлерімен бірлесе отырып семинар өткіздік. Мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларды психолого-педагогикалық қолдауды іске асыру және инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау.]]> барлық бала тең" "Өрлеу" БАҰО филиалы республикалық институтының тренерлерімен бірлесе отырып семинар өткіздік. Мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларды психолого-педагогикалық қолдауды іске асыру және инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау.
 ]]>
admin Thu, 14 Apr 2022 15:15:11 +0600
ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯНЫҢ ҚАЙНАРЫ https://7-ileaud.mektebi.kz/ashy-organ/memlekettk-yzmet/108-ltty-ideologijany-ajnary.html https://7-ileaud.mektebi.kz/ashy-organ/memlekettk-yzmet/108-ltty-ideologijany-ajnary.html ]]> Әлемдік өркениетке  ілесу үшін жеке ұлт болып қалу – бүгінгі күннің кезек күттірмес өзекті мәселесі. Ал төл тарихымыз бен мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді сақтап, ұлттық тәрбиеге терең мән беру – ұлттық бірегейлікті сақтаудың қайнар көзі.
Тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың бүкіл зиялы қауым өкілдері, ұстаздар мен ғалымдар арасында қызу талқылауға түскен стратегиялық мақаласы – Қазақстан халқын рухани дамыту мен ұлттық сананы жаңғыртудың негізі. Бұл саяси-идеологиялық құжат қазақ халқының стратегиялық бағытын анықтайтын, өткеніміз бен бүгінгіні болашаққа үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының жаңа тұжырымдамасы болып табылады.
Мақалада Елбасымыз Қазақстанның үшінші жаңғыру кезеңіне қадам басқандығын және бұл жаңғыру еліміздің әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енуін мақсат ететіндігін атап айтып, болашақ қазақ халқын рухани кемелденген, Біртұтас Ұлт ретінде қалыптастырудың басымдықтарын ұсынады.
Н. Ә. Назарбаев рухани құндылықтарымызды алға тартып, руханияттың әр саласын түгендеп, тарихымыз бен мәдениетімізді дамыту жайлы айтылған зерделі пікірі көңілге қуаныш ұялатып, кемел болашаққа жетелейді. Әрине, дамыған елдердің қай-қайсысын алсақ та, ең алдымен ұлттық рухты дамытып, саясат пен экономика ұлт мүддесі үшін қызмет етуге бағытталған. Сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлы халықты терең ойға жетелеп, өткенімізді саралап, бүгінімізді бағалап, ұлттық кодты сақтай отырып жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойымызға сіңіру керектігін сөз етеді.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеп жүрген біз үшін, ұстаздар қауымы үшін, бұл мақаланың маңызы зор. Себебі, Қазақстанның үшінші жаңғыруы материалдық құндылықтардан гөрі рухани құндылықтарға басымдық беріп, уақыт сынынан сүрінбей өткен, көне дәуірден бізге жеткен озық дәстүрлерімізді табысты жаңғырудың негізі етіп алуды көздейді.
Бірінші тарауда ұлттық сана мен ұшқыр ой, білім мен бәсеке, прагматизм мен ұлттық бірегейлікті сақтау, эволюциялық даму қағидаттарын тізіп берді. Бұл алты қағидат эволюциялық дамудың басты межесі болып табылады. Елбасы айтқандай, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуға бет бұрғаны көңілімізді көкке жеткізіп отыр. Эволюциялық дамудың негізі ретінде әлеуметтік және гуманитарлық білім саласын дамыту – бабалар мұрасы мен еліміздің ұлттық ғұрыптары, салт-жоралғылары және ұлттық тәрбие беру арқылы өскелең ұрпақ бойында ұлттық сана қалыптастырудың бірден-бір жолы деп түсінемін.
Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқының санасын жаңғыртудың екінші бағыты ретінде қанымызға сіңген жағымсыз дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидалардан арылып, ұлттық және жеке байлығымызды үнемді пайдаланып, қанағатшылдық пен қайырымдылықты, ұстамдылықты насихаттайды. Кезінде Абай Құнанбайұлы сынаған жағымсыз мінез-құлықтар, «өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншек, бекер мал шашпақтық» әлі күнге елімізбен бірге жасап келеді. Бұл құжат халқымызды оятып, рухани жаңғыру арқылы кереғар қылықтардан арылуға шақырады. Мақалада айтылған бағыттар жүзеге асса, 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуді бастаймыз. Еліміз латын қарпіне көшсе, туыстас түркі тілдес ұлттарға бір-бірінің тілін де меңгеру жеңілірек болады әрі түркі халықтарының бір арнаға тоғысуына бірден-бір септігі тиері анық. Сондай-ақ, «100 жаңа есім» және «әлемнің үлгілі 100 оқулығы» жобаларын Қазақстан білімі мен мәдениетін дамытудың бірден-бір жолы екенін көзі қарақты жандар айтқызбай түсінері хақ.
Жалпы алғанда Елбасы мақаласында орын алған игі бастамаларды кезең-кезеңге, бағыттары- на бөліп қарастырсақ, ел дамуы мен өркендеуі үшін Қазақстан халқына арналған бағдарлама яки Қазақстан халқының ұстанар ұстанымы мен ұлттық идеологиясы деп қабылдауға болады. Біз – болашағы айқын, бағыты жолға қойылған елміз. Енді осы бағыттан адаспай, ілгері ұмтылсақ, ел болып жұмыла әрекет жасасақ, Қазақ елі әлемнің озық мемлекеттерінің қатарынан көрінетініне бек сенемін.
З. ТУРЕХОДЖАЕВА,
№7 орта мектептің директоры



]]>
admin Wed, 02 Dec 2020 11:21:50 +0600
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ НҰРЛЫ ТАҢЫ https://7-ileaud.mektebi.kz/ashy-organ/memlekettk-yzmet/107-tuelszdkt-nrly-tay.html https://7-ileaud.mektebi.kz/ashy-organ/memlekettk-yzmet/107-tuelszdkt-nrly-tay.html ]]> Тарих қойнауына көз жүгіртер болсақ, Тәуелсіздік – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың күш-жігері, күллі қазақ жұртының арман-мұратының салтанат құруы. Патша үкіметі кезінде де, Кеңес Одағы тұсында да тәуелсіздікке деген ұмтылыс халқымыздың ертеңіне деген сенімін оятып, жарқын болашақтан үмітін үзбеді. Біз бірнеше сан ғасырлық бодандықтан кейін ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырып, түлеген жас мемлекетпіз. Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтеуі. Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне отыз жылға жақындап отыр. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені, мерейлі отыз жылдық мерейтойды бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры – қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Мемлекеттің басты байлығы жеке бастың мүддесі емес, сол мемлекетті мекендейтін барша азаматтардың мүддесі мен қажеттілігін өтеу болып табылады. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Қазақстан үшін ХХI ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы.
Орда бұзар отыз жасында Қазақстан әлемдік саяси сахнада өзін іргелі ел ретінде көрсете білді. Оған дәлел ретінде Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында көз алартқан сыртқы жаулардан қорықпай, енді ғана аяғынан тұрып келе жатқан жас мемлекеттің әлемнің алпауыт елдеріне үлгі болып, атом бомбасынан бас тартуы, ірі державалардың ынтымақтастық ұйымына мүше болып, келелі кеңес бастауы, Саммит, Экспо көрмесін өткізіп, әлемдік діни ұйымдардың басын қосып, діни татулық пен тұрақтылық мәселесін жасқанбай көтере білуі – барлығы да Қазақ Елінің іргелі ел, Тәуелсіз мемлекет екендігінің куәсі. Өзге елдің отарында жүрген бодан ел мұндай бастамаларды көтеруге жүрексініп, қожайынына жалтақтаған болар еді.
Тәуелсіздіктің нұрлы таңының арқасында қазақ елі еңсесін тіктеп, Сарыарқаның төсінде, еліміздің жүрегінде «Бағаналы орда – басты ордамыз» болған астанамызды салып, даламыз бен қаламызды бірдей гүл жайнатып келеміз. Тәуелсіздікке қол жеткізу қиын, ал сол еркіндікті сақтау одан да қиын, одан да жауапты іс. Бабаларымыз аттың жалы, атанның қомында жүріп бізге мұраға қалдырған ұлан-байтақ жер мен Тәуелсіздікті көзіміздің қарашығындай сақтап, қыршындарымыздың қасық қанымен желбіреген көк Туымызды құлатпай, болашақ ұрпаққа жеткізу – біздің міндетіміз. Ол үшін «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік» деп қазақтың ұлы ханы Абылай хан айтқандай, ақпараттық майданда жау тақымында кетпес үшін білімді де білікті, бәсекеге қабілетті ұрпақ баулуымыз керек. Сонда ғана дамыған елдермен тереземіз тең болып, керегеміз кең болып, еліміз әлі талай мерейтойларын тойлап, кемел келешекке нық қадам басатынына кәміл сенеміз.
З. ТУРЕХОДЖАЕВА,
№7 орта мектептің директоры

]]>
admin Wed, 02 Dec 2020 10:58:44 +0600
ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ ӘДІЛДІККЕ БАСТАЙДЫ https://7-ileaud.mektebi.kz/ashy-organ/memlekettk-yzmet/106-dlett-memleket-dldkke-bastajdy.html https://7-ileaud.mektebi.kz/ashy-organ/memlekettk-yzmet/106-dlett-memleket-dldkke-bastajdy.html ]]> Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын оқып, көптеген келелі мәселе көтерілгенін байқадым. Мен өзім ұстаз болғандықтан, білім саласына да қатысты түйткілдердің оң шешімін табатынына қатты қуандым. Мәселен, ата-аналар мен оқушылар, тіпті ұстаздар қауымы білім платформаларына кіре алмай дал болып жатқаны да Президентіміздің назарынан тыс қалмағаны, ол кісінің қырағы көзі бәрін көріп отырғандығы, білім платформаларының лайықты жұмыс атқаруға жарамай тұрғандығы мектептің, не ұстаздың кінәсі еместігін көре білгендігі көңілге медет береді. Себебі, пандемияға байланысты барлық білім мекемелері қашықтан білім беріп, қажетті платформаларға кіруге мүмкіндік болмай жатқан кезде таяқтың бір ұшы мұғалімге келіп тиіп жатқаны жасырын емес. Осыны ескерген Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн-платформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні «WhatsApp-тан» бас көтермейтін болды. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет» — деп, мұғалімнің қызметі қашықтықтан оқыту кезінде күрделене түскенін баса айтады. Сонымен қатар, сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек екені, санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеу керек екеніне де тоқталып өткен. Сондай-ақ, «Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25  пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді» — деп, ұстаздардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына да алаңдап отырғанын байқатады.
Ел болу үшін ең алдымен білім мен денсаулық саласын дамыту керек. Дені сау, рухы мықты, білімді ұрпақ қана ертеңіне сеніммен қадам басып, келешегін жарқын ете алады. Сондықтан, мемлекет басшысының басты назарда ұстап отырған келесі мәселесі медициналық инфрақұрылымды дамытып, денсаулық сақтау саласын мықтап қолға алуды қамтиды. «Жыл соңына дейін еліміздің аймақтарында 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады» — дей келе, ұлттық, мемлекеттік қауіпсіздікті сақтау мақсатында негізгі дәрі-дәрмектер мен медицина бұйымдары Қазақстанда өндірілуге тиіс екенін ерекше атап өтеді.
Ал, білім саласында болсын, медицинада, жалпы қоғамда алға қойған мақсатқа қол жеткізуі үшін ең алдымен не керек? Бұл сауалдың жауабы да Президентіміздің Жолдауында айтылып өткен. Мәселе шешілу  үшін оған құлақ асу керек. Мұны дұрыс аңғарған мемлекет басшысы:«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет» -деп,әділдік болған жерде ғана үкімет халықтың мұң-мұқтажына құлақ түріп, елдің мүддесіне жұмыс істейтінін баса айтқан болатын. Иә, сот болсын, прокурор болсын, тіпті қарапайым қызметкер болсын, айналасындағылардың ісін әділ бағалай алуы керек. Мәселен, мектеп өмірінде де әділдік болса ғана балаға лайықты білім мен тәрбие берілетіні анық. Біз еліміздің ертеңі әділдікті сүйетін, әділет жолында жанын қия алатын қоғам тәрбиелеу үшін ертеңгі азамат, бүгінгі оқушыға дұрыс бағыт беріп, мектеп қабырғасынан бастап әділдікке құштар етіп баулуымыз керек. Сонда ғана еліміз кемел болашаққа ұмтылып, келешек өмірдің жарқын сәулесін көре алады.
 
З.Т. Төреходжаева,
№7 орта мектептің директоры

]]>
admin Wed, 02 Dec 2020 10:55:46 +0600
Сапалы білім негізі https://7-ileaud.mektebi.kz/ashy-organ/memlekettk-yzmet/105-sapaly-blm-negz.html https://7-ileaud.mektebi.kz/ashy-organ/memlekettk-yzmet/105-sapaly-blm-negz.html ]]> Әрбір адамның өмірде қол жеткізген игі істерінің бірі, өміріне азық болар мол мұрасы – білім. Ал, мектеп – білімнің қара шаңырағы. Кешегі ойын баласының бойына білім нұрын құйып, азамат етіп тәрбиелейтін негізгі ошақ – білім ордасы екені баршаға мәлім. Заман ағымынан қалмай, қоғамдағы өзгерістерге бей-жай қарамай, алдыңғы лекте болып жаңалыққа ұмтылатын жандар да білім саласында жүрген абзал жанды ұстаздар қауымы емес пе? Осы тұста айта кететін жайт, өмірдің кез-келген иірімдеріне орай жаңа өрімдер, тың ойлар соны бағдарламаларға ұласып, көрініс тауып жатады. Бұл – болашақ ұрпақты білімге баулып, жастарға жақсы тәрбие беру мәселесіне де тікелей қатысты. Өйткені, жас өсіп, жеткіншектер есейіп, азамат болған кезде олар қоғамның өзгеруіне, ғылыми-техникалық үдерістің дамуына әсер етеді. Олай болса, қазіргі таңдағы мемлекеттік мекемелердің барлығындағы өзекті мәселенің бірі – мемлекеттік қызмет көрсету болып отыр. Мемлекеттік  қызмет көрсету  – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты болып  табылады.
«Өскелең ұрпаққа білім беретін оқу ордаларында мемлекеттік қызмет бар ма?» — деген сұраққа жауап іздеп көрейікші. Жоғарыда айтып өткендей, ұстаздар қауымының ең үлкен миссиясы – шәкірт тәрбиелеу. Демек, ел ертеңі болатын жас ұрпақ та мемлекеттің бір бөлшегі болғандықтан, оларды сапалы біліммен қамтамасыз ету – ең үлкен қызмет. Мектепте көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлеріне шолу жасасақ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, олар төмендегідей өрбиді:
  1. Оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдау;
  2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру;
  3. Негізгі орта (9-сынып), жалпы орта (11-сынып) білім беру туралы құжаттарды және олардың телнұсқаларын беру;
  4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес, Жергілікті әкімшіліктің қолдауымен елдімекенде мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды таяудағы мектепке дейін және кері қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру;
Мектебімізде осы аталған мемлекеттік қызмет түрлері жоғары деңгейде көрсетіліп келеді. Жоғарыда аталғандарды рет-ретімен талдап айтайық.  «Оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдау» мәселесі бойынша 2020-2021 оқу жылында ҚР Білім және ғылым министрінің «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде мектепішілік бұйрық шығарылды. Ол бұйрыққа сәйкес, 01.06 – 28.08.2020 күндері аралығында бекітілген кесте бойынша бірінші сыныпқа және мектепалды даярлық тобына білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қабылдадық. Мектепке құжаттарды қабылдау egov.kz порталында және оған мүмкіндігі жоқ ата-аналардан карантин талаптарын сақтай отырып қағаз түрінде жүзеге асырылды. Биылғы оқу жылында электронды түрде 243 оқушы, ал қағаз түрінде 16 оқушы қабылданып, 1-сыныптың табалдырығын аттады. Ал, мектепалды даярлық тобына 5-6 жас аралығындағы тәрбиеленушілердің де құжаттарын кестеге сәйкес қабылдау жүргізіліп, 0 «А» қазақ тобына 22 бала, 0 «Б» орыс тобына 14 тәрбиеленуші қабылданды. Мектепалды даярлық тобы мен 1-сынып оқушыларының құжаттары стандартқа сәйкес жинақталып, ата-аналарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ата-аналардың өтініштері директормен бекітілді.
Келесі өзекті мәселе, яғни, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру ісі бойынша да біраз жұмыс атқарылды. Ағымдағы оқу жылында үйден оқытуды ұйымдастыру, оқу жоспарларын бекіту, үйден оқитын оқушыларға сабақ беретін мұғалімдерді бөлу туралы мектепішілік бұйрықтар шығарылды.
2020-2021 оқу жылында мектебімізде денсаулығына байланысты 9 оқушы үйден оқиды. Үйден оқитын оқушыларға бөлінген сағат саны 82 сағатты құрайды. Оның ішінде, 4 оқушы ЗПР бағдарламасымен оқыса, 5 оқушы қосалқы білім беру бағдарламасымен білім алады. Оқушылардың ерекшеліктеріне қарай оларға арнайы тақырыптық-күнтізбелік жоспар құрылып, ата-аналарымен келісіліп, мектеп директорымен бекітілді. Әр пән бойынша оқу бағдарламалары, бақылау күнделігі мен сабаққа қатысу дәптерлері және жеке іс құжаттары бар. Елімізге келген індет салдарынан мұғалімдер бұл оқушыларды да қашықтықтан оқытып, онлайн түрде білім беруде. Әлеуметтік көмекті қажет ететін кей оқушыларға онлайн түрде білім алуына жағдай жасалып, мектеп тарапынан компьютерлер берілді.
Бұл оқушылардың барлығында стандартқа сәйкес үйден оқитын оқушыларды мектепке қабылдап, оларға білім беретін мекеме тарапынан мемлекеттік қызметті көрсету үшін  қажетті құжаттар:  ата-анасының өтініші, денсаулығына байланысты №5 облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның және дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындылары мен мүгедектігі туралы анықтамалары бар.
Білім беру мекемесі тарапынан жүргізілетін келесі мемлекеттік қызмет түрі – негізгі орта (9-сынып), жалпы орта (11-сынып) білім беру туралы құжаттарды және олардың телнұсқаларын беру болып табылады. 2019-2020 оқу жылында мектебімізде 9-сыныпты 150 оқушы тәмәмдап, оларға негізгі орта білім алғандығы жайлы куәлік табысталды. Оның ішінде 63 оқушы колледждерге оқуға түссе, 4 оқушы республикалық мектептерге, 1 оқушы жеке мектепке ауысып, қазіргі таңда 82 оқушы 10 сыныпта білім алуда. Ал, жалпы орта мектепті 45 түлек аяқтап, мектеп қабырғасынан түлеп ұшты. 11 сыныпты тәмәмдаған 37 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуіне қатысып, 12 түлек еліміздегі жоғары оқу орындарының грантын жеңіп алса, 17 оқушы ақылы түрде оқуға түсті. Сондай-ақ, алыс-жақын шет елдік жоғары оқу орындарына 1 оқушы грант негізінде оқуға қабылданса, 4 түлек ақылы түрде білім алуда. Бұдан бөлек 4 оқушы республикамыздағы колледждерге оқуға түсті.
«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасына сəйкес, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда. Мемлекеттік қызмет дегеніміз – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық  игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі. Коронавирус індетінің салдарынан еліміздегі мектептердің басым бөлігі қашықтықтан оқытып жатыр. Мектебімізде мұғалімдердің, ата-аналардың халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, онлайн қызмет алуын жеңілдету  мақсатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы іске қосылған болатын. Бұл карантин кезінде ата-аналар үшін балаларын мектепке қабылдау мәселесін шешудің оңай  жолы екенін көрсетіп отыр. Бүгінгі  таңда өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы ата-аналарға, мұғалімдерге 268 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл – мемлекетіміздің, мектебіміздің де біртіндеп цифрлық жүйеге көшуінің белгісі.
Мектебімізде білім беру мекемелері тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері өз деңгейінде көрсетілуде. Қазіргі таңда қашықтықтан білім беру жүйесіне көшкендіктен, мемлекеттік қызмет түрлері де қашықтықтан көрсетіліп жатыр. Бұл – мектебіміздің заман ағымынан кеш қалмай, қоғам сұранысын қанағаттандыра алатын, жаңашыл білім ошақтарының бірі екендігін көрсетеді.
Зохида ТУРЕХОДЖАЕВА,
№7 орта мектептің директоры]]>
admin Wed, 02 Dec 2020 10:49:50 +0600
Реестр НПА МОН для школ на руссяз https://7-ileaud.mektebi.kz/ashy-organ/memlekettk-yzmet/102-reestr-npa-mon-dlja-shkol-na-russjaz.html https://7-ileaud.mektebi.kz/ashy-organ/memlekettk-yzmet/102-reestr-npa-mon-dlja-shkol-na-russjaz.html admin Tue, 24 Nov 2020 17:06:22 +0600 Реестр НПА МОН для школ каз яз https://7-ileaud.mektebi.kz/ashy-organ/memlekettk-yzmet/101-reestr-npa-mon-dlja-shkol-kaz-jaz.html https://7-ileaud.mektebi.kz/ashy-organ/memlekettk-yzmet/101-reestr-npa-mon-dlja-shkol-kaz-jaz.html admin Tue, 24 Nov 2020 17:05:55 +0600