Жемқорлыққа қарсы күрес - №7 ОРТА МЕКТЕП https://7-ileaud.mektebi.kz/ ru Жемқорлыққа қарсы күрес - №7 ОРТА МЕКТЕП DataLife Engine Алматы облысында мектепте ақша жинаудың 20-дан астам дерегі тіркелді https://7-ileaud.mektebi.kz/main/281-almaty-oblysynda-mektepte-asha-zhinaudy-20-dan-astam-dereg-trkeld.html https://7-ileaud.mektebi.kz/main/281-almaty-oblysynda-mektepte-asha-zhinaudy-20-dan-astam-dereg-trkeld.html ]]>
📍Алматы облысында мектепте ақша жинаудың 20-дан астам дерегі тіркелді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл мектепте ақша жинау бойынша жедел желіге 20-дан астам қоңырау түскен.

Аталған мәселеге байланысты Антикор заң бұзғандардың үстінен әкімшілік және қылмыстық іс қозғалатынын ескертеді.

"Мектеп бітіруші түлектердің, жалпы оқушылардың ата-аналары қосымша шығындарды көтермеуі керек. Қазақстанда орта білім тегін беріледі. ҚР ӘҚБтК-нің 677-бабына сай, сыбайлас жемқорлықпен айналысқандарға 600 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал қылмыстық іс қозғалса, заңның 366-бабына сәйкес, тұлғаның мүлкі тәркілене отырып, пара сомасының 20 еселенген мөлшеріндегі айыппұлдан 15 жылға дейінгі мерзімге дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деп жазды ведомство.

Антикор мұғалімдерге құны 10 АЕК-тен асатын сыйлықтар беруге тыйым салынғанын да ескертеді. Әйтпегенде, сыйақы алған адам Қылмыстық кодекстің 247-бабы бойынша 2000 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Сондай-ақ Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары жоғарыда аталғандай жағдайлар кездессе, 1424 Call орталығына хабарласуға болатынын мәлімдеді.]]>
admin Thu, 18 May 2023 09:55:27 +0600
Дебат https://7-ileaud.mektebi.kz/main/259-debat.html https://7-ileaud.mektebi.kz/main/259-debat.html 2023 жылғы 07 сәуір  күні  «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті!"» тақырыбында аудандық дебат турниры жалпы білім беретін мектептердегі мектеп ішілік дебат турнирларының жеңімпаздарымен өткізілді.
Аудандық дебат ойындарының нәтижесі бойынша Мелькомбинат негізгі орта мектебінің "Жастар" клубы 8 "А"-сынып оқушылары: Жанзаков Азамат,Касымов Бекзат аудан бойынша жүлделі 1-орынды иеленді. Жетекшісі: Имангазинова Сауле Мубрахановна және Оспанова Бота Болатовна 
Құтты болсын! Шәкірттеріміздің биік белестен көрінуіне тілектес болған, осы дебат ойындарына шәкірт дайындаған ұстаздарымызға, мектеп басшысына алғыс!!! #лидердебаты #Жетісуоблысыпікірсайысқозғалысы #iamdebater #rumcdomonrk #мендебатермын #ядебатер #ұшқыройалаңы
@rumcdo_official
@sherraisa
@debat.almaty_obl



]]>
2023 жылғы 07 сәуір  күні  «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті!"» тақырыбында аудандық дебат турниры жалпы білім беретін мектептердегі мектеп ішілік дебат турнирларының жеңімпаздарымен өткізілді.
Аудандық дебат ойындарының нәтижесі бойынша Мелькомбинат негізгі орта мектебінің "Жастар" клубы 8 "А"-сынып оқушылары: Жанзаков Азамат,Касымов Бекзат аудан бойынша жүлделі 1-орынды иеленді. Жетекшісі: Имангазинова Сауле Мубрахановна және Оспанова Бота Болатовна 
Құтты болсын! Шәкірттеріміздің биік белестен көрінуіне тілектес болған, осы дебат ойындарына шәкірт дайындаған ұстаздарымызға, мектеп басшысына алғыс!!! #лидердебаты #Жетісуоблысыпікірсайысқозғалысы #iamdebater #rumcdomonrk #мендебатермын #ядебатер #ұшқыройалаңы
@rumcdo_official
@sherraisa
@debat.almaty_obl



]]>
admin Fri, 07 Apr 2023 13:47:37 +0600