БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА » №7 ОРТА МЕКТЕП
Almaty region
Municipal public institution
"№7 орта мектебі"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА
20
July
2021

БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

Government servicesтің қоғам өмірінде алатын орны ерекше. Government servicesтер көрсетудің негізгі қағидаттарын сақтай отырып, халыққа қызмет жасау заманның талабы. Қызмет көрсету – үнемділік, жаңа тиімділікке жетелесе, бұл процесті жүзеге асыру жауапкершілік. Government services көрсету еліміздегі әлеуметтік-экономикалық дамудың, халықтың компьютерлік сауатылығының көтерілуінің, цифрлық электрондық дамудың негізі болып табылады. Ал, сауаттылыққа қол жеткізу үшін білім алу керек. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Білімді болуға – оқу, күшті болуға бірлік керек» деп ұғындырғандай, мектеп оқушыларының жеке тұлға болып қалыптасуының алғышарты білім мен білік болып табылады. 
Баланың білімді болып өсу жолында мектептің, мектеп ұстаздарының орны ерекше. Мектеп ұстаздары сапалы ұрпақ тәрбиелеуде, болашағымыздың жарқын болуына өз үлестерін айтарлықтай қосып келеді. Балаға білім беру, «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын   іске асыратын білім беру ұйымдарына   құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»   – мектептегі мемлекеттік қызметтің бірі. Өтеген батыр кентіндегі  «№7 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 2021 оқу  жылының 1-сәуірінен бастап мектепшілік бұйрыққа сәйкес мұғалімдерден құрылған комиссия мүшелері 1-сыныпқа құжаттар қабылдау бойынша жұмыс жасап жатыр. Бірінші сыныпқа оқу қабылдау мәселесі бойынша мектебімізде ата-аналарға   түсіндіру жұмыстары туралы ақпараттық стенд жасалды. Сондай-ақ, ата-аналарға 1-сыныпқа қабылдау 1 сәуірден басталатыны, қажетті құжаттардың тізбесі, құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жолдау қажеттігі туралы мағлұматтар берілген. Сонымен қатар, наурыз айында мектептің  мұғалімдерінен  еріктілер жасақталып, «Өтеген батыр»  ауылына, «Арман» ықшам ауданына, «Тростинка» мен «Урожай» саяжайларына мектепке 1-сыныпқа қабылдау туралы хабарландырулар ілініп, жергілікті әлеуметтік желілерге де хабарландыру берілді. 
1-сыныпқа оқушыларды қабылдау  https://e-zhetysu.kz порталы арқылы басталып кетті. Алайда, өтінішті қағаз түрінде беруіне болады. 
  2021-2022 оқу жылына мектебімізде 1-сыныпқа 1-сәуірден e-zhetysu.kz порталы арқылы 120 оқушы электронды түрде, өтініш берушінің белгілі бір себептеріне байланысты қағаз түрінде 2 оқушы  қабылданды. Қазіргі таңда 1-сыныпқа 2014, 2015 жылдары дүниеге келген бүлдіршіндерден қазақ сыныбына - 46, орыс сыныбына  - 74 оқушы қабылданды. Бірінші сыныпқа қабылдау оффлайн форматта сақтық шараларын сақтай отырып, мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сай  қызмет көрсету бойынша  мектепшілік бұйрық және тіркеу журналдары бар. Мектебімізде 1-сыныпқа қабылдау   жұмыстары жалғасын табуда.
«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасына сəйкес, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда. Government services дегеніміз – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық  игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі. Мектебімізде мұғалімдердің, ата-аналардың халыққа қызмет көрсету орталығына барMay-ақ, онлайн қызмет алуын жеңілдету  мақсатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы іске қосылған болатын. Бұл елге келген нәубет басылMay, елді әбігерге салған кезде ата-аналар үшін балаларын мектепке қабылдау мәселесін шешудің оңай  жолы екенін көрсетіп отыр. Бүгінгі  таңда өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы ата-аналарға, мұғалімдерге мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілді. Бұл – мемлекетіміздің, мектебіміздің де біртіндеп цифрлық жүйеге көшуінің белгісі. 
Ғ.Д.АМАНТАЕВА,
№7 орта мектептің директорының 
оқу ісі жөніндегі орынбасары