Тәрбие тірегі -отбасы
№7 орта мектептеАлтын ұя мектебіміздің 50 жылдығына орай «7-ші мектептің 7 жобасы» аясында бастауыш қазақ сыныптарының ата-аналары арасында ұйымдастырылып отырған «Тәрбие тірегі -отбасы» атты сайыс өтті. Мақсаты: Ата-аналарды сайысқа қатыстыра отырып баланың ата-ана өміріндегі маңызын, ата-аналардың балаларға деген тәлім-тәрбиесін көрсетіп, дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сыйлауға үйрету. Мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.
Қазақ бастауыш 1-4 сынып ата- аналары арасында ұйымдастырылған сайысқа ата аналар өз белсенділіктерін танытып, қызығушылықтарын білдіре отырып, құрылған жоспарға сәйкес үлкен дайындықпен келіп, белсене араласып қатысты. Төрт кезеңді қамтыған аталмыш бәсекеде білім мен салт дәстүрді өскелең ұрпақтарға насихаттап,Отбасындағы тәрбие – өте маңызды рөл атқарғандығын көрсете білу үшін, ата-ананың баланың оқу-тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру мақсатында да түрлі жағдаяттық сұрақтар қойылды. Бақтарын сынаған топтар логикалық сұрақтарға да жауап берді.Ата -аналармен бірге онер көрсетуден оқушылар да қалыс қалMay өздерінің ән-билерімен іс-шараның сәнін келтірді.
Сайыс аяқталған соң ойынға қатысқан топтарды әділқазылар шешімімен «Алтын ұя» Бас жүлде, «Бірлік» тобы І-орын, «Ақ отау» тобы ІІ-орын, «Достық» тобы ІІІ-орынды мақтау қағаздарымен марапаттап, ата-аналарға сыйлықтар табыс етілді. Сайыс соңында ата-аналар алған әсерлерімен бөлісе отырып, балаларға, мектеп ұстаздарына ақ тілектерін айтып, ризашылықтарын білдірді.









