«Мектеп автобусы» рейді бойынша мәлімет
Энергетик округі әкімімен жасалған келісім шартқа сәйкес, «Калинин» саяжайларынан 35 оқушыны тасымалдау қызметін көрсету үшін 20 орынды BWS 6665GA5, 359 ZA 05 мемлекеттік нөмірлі көлік берілді. І ауысымда -14 оқушы, І І ауысымда - 21 оқушы тасымалданады. Жүргізушісі Керимбаев Асқар Рыскелдиевич.
Автобуста талапқа сай «Балалар» деген белгі, жүргізушіде қозғалыс кестесі мен балалардың тізімі бар.
Ай сайын балалар мен ата-аналарға сынып жетекшісі мен әкімшілік тарапынан қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өтеді.
Рейд кезінде жүргізушілер және олардың көліктерінен кемшіліктер байқалмады. Автобус іші санитарлық талапқа сай таза.
Оқушыларды тасымалдау қызметі бойынша ата-аналар тарапынан шағым болған жоқ.
Комиссия мүшелері:
1. Амантаева Г.Д - ДОІЖО
2.Тасыбекова А- мұғалім
3. Шурменов Б – мұғалім
4. Алыбаева Г.Е - мұғалім







