Мектеп асханасын тексеру актісі 2021-2022 оқу жылы наурыз айы » №7 ОРТА МЕКТЕП
Almaty region
Municipal public institution
"№7 орта мектебі"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » Мектеп асханасын тексеру актісі 2021-2022 оқу жылы наурыз айы
16
March
2022

Мектеп асханасын тексеру актісі 2021-2022 оқу жылы наурыз айы

        Біз, төменде қол қоюшылар, мектеп асханасын тексеру бойынша осы актіні жасадық. 2022 жылдың  наурыз  айында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көп балалы, толық емес, сәтсіз отбасыларында тәрбиеленетін 1-4 сыныптардан 155 (жүз елу бес) оқушы, 5-  11-сыныптардан 115 (жүз он бес) оқушы , барлығы 270(екі жүз жетпіс) оқушы  мектеп асханасында ЖБББ қорынан тегін тамақтанды. Тамақтану құны- 500 теңге. Жеке кәсіпкерГ.Т.Есенбаеваның есебінен  отбасы жағдайы төмен, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан   5 оқушы тегін тамақтандырылды.  Мектеп асханасында жасалынған тамақтардан күнде тексеру алынып, 1 тәулікке қалдырылып отырады. Ыстық тамақ мәзірінде ет сорпасынан дайындалған түрлі сорпалар, сүт ботқалары, екінші тағам түрлері және әртүрлі   өнімдер бар. Аптасына сүттен дайындалатын  ботқамен бірге йогурт және жеміс қосымша  беріледі.Сонымен қатар аптасына сорпа тағамы кезінде 2 рет бәліш немесе тәтті тоқаш қосылып   және аптасына 2 рет екінші тағам беріледі. Тағамдар сапалы әзірленген. Тексеру барысында асханада оқушылардың тамақтану сапасына және асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы бойынша ескерту болмады.Асхана ішінде шикі өнімдер мен піскен өнімдері өз деңгейінде пайдаланылады. Әкелінген шикізаттардың сертификаттары толығымен тексеріліп тұрады.  Асхана бөлмелерінің және ыдыстардың тазалығы күн сайын тексеріледі. Аптасына бір рет асхана бөлмелері толығымен жуылып, дез.ертіндісімен тазартылады.Мектеп асханасының санитарлық жағдайы қанағаттанарлық. 

Күнделікті мектеп асханасында 1970 оқушы ата-ана көмегімен тамақтанды. Оқушылар арнайы бекітілген кесте бойынша, сынып жетекшісінің қадағалауымен ыстық тамақтарын күнделікті ішіп отырды. Асханада барлығы 10 адам жұмыс істейді. Барлығы тексеруден  өткен. Асханада екі апталық бірінші, екінші ас мәзірі құрылып, мөлшері, сапасы,тазалығы тексеріліп тұрады. Ас мәзірі күнделікті мектеп директоры мен мектеп медбикесімен бекітілген. Әзірленген ас күні бойы жүзеге асырылады. Тағам дайындау сапасы қанағаттанарлық, мектеп медбикесі С.Д.Сәрсембаева күнделікті тамақтың дәмін тексереді.