2021-2022 оқу жылы ІҮ тоқсан бойынша мектеп оқушыларын тасымалдауды бақылау қорытындысы » №7 ОРТА МЕКТЕП
Almaty region
Municipal public institution
"№7 орта мектебі"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » 2021-2022 оқу жылы ІҮ тоқсан бойынша мектеп оқушыларын тасымалдауды бақылау қорытындысы
23
May
2022

2021-2022 оқу жылы ІҮ тоқсан бойынша мектеп оқушыларын тасымалдауды бақылау қорытындысы

2021-2022 оқу жылы ІҮ тоқсан бойынша мектеп оқушыларын тасымалдауды бақылау қорытындысы


       «Арман» ықшамауданынан 27 оқушы, ара қашықтығы  9 шаршы метр, «Калинин» саяжайларынан 37 оқушы, арақашықтығы 3 шаршы метр  тасымалданады. «Арман»ықшамауданынан 1-ауысымда-13 оқушы,2-ауысымда-14 оқушы, Калинин саяжайларынан 1-ауысымда-14 оқушы, 2-ауысымда-23 оқушы тасымалданады. 1-4сыныптар арасында «Арман»ықшамауданынан 10 оқушы, 5-9 сыныптар арасында17 оқушы, 1-4сыныптар арасында Калинин саяжайларынан 18 оқушы,5-9 сыныптар арасында 19 оқушы   тасымалданады. Келісім шарт бойынша оқушыларды тасымалдау үшін 2 автобуспен қамтамасыз етілген. Автобуста талапқа сай «Балалар» деген белгі, жүргізушіде қозғалыс кестесі мен балалардың тізімі бар.Ай сайын балалар мен ата-аналарға сынып жетекшісі мен әкімшілік тарапынан қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өтеді. Автобус іші санитарлық талапқа сай таза.Оқушылар белгіленген жерде уақытылы тасымалданады, тазалық ережелері сақталған.

    «Арман» ықшамауданынан ,Калинин саяжайларынан Өтеген батыр кентіне дейінгі бағыттағы жол сызбалары бар.Оқушыларды тасымалдау кестесі жасалған.Барлығы 64 оқушы тасымалданады. Оқушыларды тасымалдауды ұйымдастырудағы кезекшілік кестесі директормен бекітілген.Кезекші мұғалімдер ауысым бойынша оқушылардың мектепке тасымалдауын және автобустардың уақтылы келіп кетуін қадағалайды.Автобус жүргізушілері мен оқушылардың ата- аналары балалардың өмір қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарайды. Тасымалдау барысында осы оқу жылының 4- тоқсанында ата- аналар тарапынан шағымдар болған жоқ.

       Сынып жетекшілері тарапынан тасымалданатын оқушыларға  жолдағы, көліктегі өмір қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, күнделікті сабаққа қатысуы қадағаланады.

Аудандық білім бөліміне оқушыларды тасымалдау туралы апталық ақпарат беріліп отырады. 

                 ДОІЖО                                   Г.Д. Амантаева


«Арман» ықшамауданынан тасымалдауды ұйымдастыруды бақылау


«Калинин » саяжайларынан тасымалдауды ұйымдастыруды бақылау