2022-2023 оқу жылы сәуір айында тасымалданатын оқушылар туралы мәлімет » №7 ОРТА МЕКТЕП
Almaty region
Municipal public institution
"№7 орта мектебі"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » 2022-2023 оқу жылы сәуір айында тасымалданатын оқушылар туралы мәлімет
03
May
2023

2022-2023 оқу жылы сәуір айында тасымалданатын оқушылар туралы мәлімет

2022-2023 оқу жылы сәуір айында   тасымалданатын  оқушылар туралы мәлімет

       2022-2023 оқу жылының сәуір айында «Арман» ықшамауданы мен «Калинин» саяжайларына рейд жүргізілді. Рейд кезінде жүргізушілер мен олардың көліктерінде кемшіліктер байқалмады. Автобустардың іші санитарлық талапқа сай таза.Қозғалыс кестесі мен балалардың тізімі, медициналық және өртке қарсы қобдишалары, апаттық дабылы бар.Балаларды тасымалдайтын көлік құралдарында арнайы жарық және дыбыс сигналдары бар.

      «Арман» ықшамауданынан 28 оқушы, ара қашықтығы  9 шаршы метр, «Калинин» саяжайларынан 32 оқушы, арақашықтығы 3 шаршы метр  тасымалданады. «Арман»ықшамауданынан 1 ауысымда-19 оқушы, 2 ауысымда-9 оқушы, Калинин саяжайларынан 1 ауысымда-15 оқушы, 2 ауысымда -17  оқушы тасымалданады. 1-4 сыныптар арасында «Арман» ықшамауданынан 9  оқушы, 5-9 сыныптар арасында 14 оқушы, 10-11 сыныптар арасында 5 оқушы қатынайды. 1-4сыныптар арасында Калинин саяжайларынан 3 оқушы, 5-9 сыныптар арасында 27 оқушы 10-11 сыныптар арасында 2 оқушы тасымалданады. Келісім шарт бойынша оқушыларды тасымалдау үшін 2 автобуспен қамтамасыз етілген. Оқушылар белгіленген жерде уақытылы тасымалданады, тазалық ережелері сақталған.«Арман» ықшамауданынан,Калинин саяжайларынан Өтеген батыр ауылына дейінгі бағыттағы жол сызбалары бар.Оқушыларды тасымалдау кестесі жасалған. Барлығы 60 оқушы тасымалданады. Кезекші мұғалімдер ауысым бойынша оқушылардың мектепке тасымалдауын және автобустардың уақтылы келіп кетуін қадағалайды.  Кезекші мұғалім Қуанышева Гүльфайрус Ардаққызы түс мезгілінде «Арман» ықшамауданының жүргізушісімен бірге балаларды алып келіп, шығарып салуды қадағалайды. Автобус жүргізушілері мен оқушылардың ата-аналары балалардың өмір қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарайды. Сондай-ақ сынып жетекшілері тарапынан тасымалданатын оқушыларға  жолдағы, көліктегі өмір қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, күнделікті сабаққа қатысуы қадағаланады. 

Аудандық білім бөліміне оқушыларды тасымалдау туралы апталық ақпарат беріліп отырады. 

ДОІЖО                                  Амантаева Г.Д.