18
May
2023
Almaty regionнда мектепте ақша жинаудың 20-дан астам дерегі тіркелді

📍Almaty regionнда мектепте ақша жинаудың 20-дан астам дерегі тіркелді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл мектепте ақша жинау бойынша жедел желіге 20-дан астам қоңырау түскен.
Аталған мәселеге байланысты Антикор заң бұзғандардың үстінен әкімшілік және қылмыстық іс қозғалатынын ескертеді.
"Мектеп бітіруші түлектердің, жалпы оқушылардың ата-аналары қосымша шығындарды көтермеуі керек. Қазақстанда орта білім тегін беріледі. ҚР ӘҚБтК-нің 677-бабына сай, сыбайлас жемқорлықпен айналысқандарға 600 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал қылмыстық іс қозғалса, заңның 366-бабына сәйкес, тұлғаның мүлкі тәркілене отырып, пара сомасының 20 еселенген мөлшеріндегі айыппұлдан 15 жылға дейінгі мерзімге дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деп жазды ведомство.
Антикор мұғалімдерге құны 10 АЕК-тен асатын сыйлықтар беруге тыйым салынғанын да ескертеді. Әйтпегенде, сыйақы алған адам Қылмыстық кодекстің 247-бабы бойынша 2000 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.
Сондай-ақ Almaty region бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары жоғарыда аталғандай жағдайлар кездессе, 1424 Call орталығына хабарласуға болатынын мәлімдеді.