Мектеп асханасындағы тамақтану туралы мәлімет » №7 ОРТА МЕКТЕП
Almaty region
Municipal public institution
"№7 орта мектебі"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » Мектеп асханасындағы тамақтану туралы мәлімет
01
November
2021

Мектеп асханасындағы тамақтану туралы мәлімет

Ili districtӨтеген батыр ауылы  № 7 орта мектебінде 20-27.10.2021 аралығында  1-4 сынып оқушыларымен  «Ас-адамның арқауы» , 5-9 сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі», 10-11 сынып оқушыларымен «Тамақтану- өмір негізі» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс.Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әр түрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
         Әсіресе, «Ұрпақ денсаулығы -ұлттың саулығы» -демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін-оны назардан тыс қалдыруға болMayды.
Сондықтан да мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы мен денсаулығы, олардың дұрыс өсіп жетілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Осыған байланысты мектебіміздің асханасы таңертеңгі 8.30-17.30-ге дейін жұмыс жасайды.Мектеп асханасынан арнайы кестеге байланысты бастауыш және кадет сынып оқушылары, Жалпыға бірдей білім беру қорынан тегін тамақтанатын 233 оқушы тамақтанады.  Мектеп асханасында мұғалімдер және әкімшілік тарапынан кезекшілік ұйымдастырылған. Күнделікті тамақтың сапасы мен берілу мөлшері (норма) мектептік құрылған бақылау топтары мен мектеп медбикесі С.Д.Сарсембаева тарапынан бақылауға алынған.
 Сонымен қатар тамақтың сапасын анықтап отыру мақсатында бракераждық комиссия құрамы құрылған. Комиссия құрамындағылар айына бір  рет асхана тамағының сапасын тексереді және тексеру нәтижесінде акт толтырылады. Айына бір рет тамақтану мен тамақ пісіру орнына тазалық жасалынып, дезинфекцияланып отыру көзделіп, іске асуда. Мектеп асханасында ұсынылатын тағамдар сапасы нормативке сай, ыстық тағамдар түрі күнделікті өзгеріп отырылады. Буфеттік тағамдар түрі жиі толықтырылып тұрады.Тыйым салынған өнімдер сатылMayды.
Мектеп оқушыларын ауыз сумен қамтамасыз ету қарастырылған. Schoolchildren мектеп асханасынан қайнатылған су тұтынылады.
1-11 сынып жетекшілері  « Қауіпсіз және тиімді тамақтану дегеніміз не?» тақырыбында  ата-аналар жиналысын өткізді.
Дұрыс тамақтанып, айтылған ережелерді орындай білген адамдардың ғана денсаулығы берік бола алады. Сондықтан да дұрыс тамақтану - әр адамның өз қолында демекпіз.
        
6 «А» кадет сыныбының  асханада   тамақтану сәті.
№7 орта мектеп

5 «А» кадет сыныбының  асханада   тамақтану сәті.
№7 орта мектеп

Тамақтану алдындағы гигиеналық талаптарды орындау сәті.
№7 орта мектеп

Асханадағы түскі асқа дайындық.№7 орта мектеп
1 «Д» сынып оқушыларының тамақтану сәті.№7 орта мектеп