Қызметті қаржыландыру жоспары - №7 ОРТА МЕКТЕП https://7-ileaud.mektebi.kz/ ru Қызметті қаржыландыру жоспары - №7 ОРТА МЕКТЕП DataLife Engine Мектеп асханасындағы тамақтану туралы мәлімет https://7-ileaud.mektebi.kz/tamatandyru/158-mektep-ashanasynday-tamatanu-turaly-mlmet.html https://7-ileaud.mektebi.kz/tamatandyru/158-mektep-ashanasynday-tamatanu-turaly-mlmet.html          Әсіресе, «Ұрпақ денсаулығы -ұлттың саулығы» -демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін-оны назардан тыс қалдыруға болмайды.
Сондықтан да мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы мен денсаулығы, олардың дұрыс өсіп жетілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Осыған байланысты мектебіміздің асханасы таңертеңгі 8.30-17.30-ге дейін жұмыс жасайды.Мектеп асханасынан арнайы кестеге байланысты бастауыш және кадет сынып оқушылары, Жалпыға бірдей білім беру қорынан тегін тамақтанатын 233 оқушы тамақтанады.  Мектеп асханасында мұғалімдер және әкімшілік тарапынан кезекшілік ұйымдастырылған. Күнделікті тамақтың сапасы мен берілу мөлшері (норма) мектептік құрылған бақылау топтары мен мектеп медбикесі С.Д.Сарсембаева тарапынан бақылауға алынған.]]>
         Әсіресе, «Ұрпақ денсаулығы -ұлттың саулығы» -демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін-оны назардан тыс қалдыруға болмайды.
Сондықтан да мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы мен денсаулығы, олардың дұрыс өсіп жетілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Осыған байланысты мектебіміздің асханасы таңертеңгі 8.30-17.30-ге дейін жұмыс жасайды.Мектеп асханасынан арнайы кестеге байланысты бастауыш және кадет сынып оқушылары, Жалпыға бірдей білім беру қорынан тегін тамақтанатын 233 оқушы тамақтанады.  Мектеп асханасында мұғалімдер және әкімшілік тарапынан кезекшілік ұйымдастырылған. Күнделікті тамақтың сапасы мен берілу мөлшері (норма) мектептік құрылған бақылау топтары мен мектеп медбикесі С.Д.Сарсембаева тарапынан бақылауға алынған.
 Сонымен қатар тамақтың сапасын анықтап отыру мақсатында бракераждық комиссия құрамы құрылған. Комиссия құрамындағылар айына бір  рет асхана тамағының сапасын тексереді және тексеру нәтижесінде акт толтырылады. Айына бір рет тамақтану мен тамақ пісіру орнына тазалық жасалынып, дезинфекцияланып отыру көзделіп, іске асуда. Мектеп асханасында ұсынылатын тағамдар сапасы нормативке сай, ыстық тағамдар түрі күнделікті өзгеріп отырылады. Буфеттік тағамдар түрі жиі толықтырылып тұрады.Тыйым салынған өнімдер сатылмайды.
Мектеп оқушыларын ауыз сумен қамтамасыз ету қарастырылған. Оқушыларға мектеп асханасынан қайнатылған су тұтынылады.
1-11 сынып жетекшілері  « Қауіпсіз және тиімді тамақтану дегеніміз не?» тақырыбында  ата-аналар жиналысын өткізді.
Дұрыс тамақтанып, айтылған ережелерді орындай білген адамдардың ғана денсаулығы берік бола алады. Сондықтан да дұрыс тамақтану - әр адамның өз қолында демекпіз.
        
6 «А» кадет сыныбының  асханада   тамақтану сәті.
№7 орта мектеп

5 «А» кадет сыныбының  асханада   тамақтану сәті.
№7 орта мектеп

Тамақтану алдындағы гигиеналық талаптарды орындау сәті.
№7 орта мектеп

Асханадағы түскі асқа дайындық.№7 орта мектеп
1 «Д» сынып оқушыларының тамақтану сәті.№7 орта мектеп

]]>
admin Mon, 01 Nov 2021 09:38:09 +0600
2021-2022 оқу жылына тамақтанатын оқушылар туралы мәлімет https://7-ileaud.mektebi.kz/tamatandyru/141-2021-2022-ou-zhylyna-tamatanatyn-oushylar-turaly-mlmet.html https://7-ileaud.mektebi.kz/tamatandyru/141-2021-2022-ou-zhylyna-tamatanatyn-oushylar-turaly-mlmet.html      Жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген қаражатқа 173 бала және жалға алушы  Г.Т.Есенбаева тарапынан 20 бала тегін тамақтанады. Тегін тамақтануды жүзеге асыруды қадағалау сынып жетекшілері, комиссия мүшелері мен әлеуметтік педагог М.Б.Кумарбековаға жүктелген. Қыркүйек айынан бастап әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан және жетім, ААҚҚ, көп балалы, сәтсіз отбасынан шыққан балалардың тегін және үнемі тамақтануы ұйымдастырылып, қадағаланып отыр. Жалға алушы Г.Т.Есенбаева  2014 жылдан бері мектеп асханасын жалға алған. Оқу жылының қыркүйек айынан мектеп пен жалға алушы арасында шарт жасалған. Асханада 8 жұмыскер жұмыс жасайды. Барлық жұмыскерлер медициналық қараудан өткен және жұмыскерлер арнайы киіммен қамтамасыз етілген. Осы оқу жылында мектеп асханасы күрделі жөндеуден өтті және санитарлық жағдайы жақсы. Жалға алушы тарапынан ыдыс аяқ, қол кептіргіш, сусабын құятын құрылғылар, арнайы астың пайдасы туралы жазылған тақтайшалар, тазартылған су, қысқа толқынды пеш, ыстық су қайнататын шәугімдер, тағам қоятын сөрелер т.б қамтамасыз етілген. Қолданылатын құрал жабдықтар арнайы жазумен жазылған. Мектеп асханасында оқушы денсаулығына пайдалы тағамдар соның ішінде сүт тағамдарынан жасалатын ботқа, сорпа, кептірілген жемістен жасалған шырын, балғын көкөністерден жасалған салаттар жасалынады. Мектеп асханасында бастауыш сынып оқушылары арнайы бекітілген кестемен тамақтанады. Асханада әкімшілік және мұғалімдер тарапынан кезекшілік ұйымдастырылған. Мектеп әкімшілігінің бұйрығымен құрылған бақылау комиссиясы айына бір рет асхананың жұмысын бақылап тексеріп отырады. Мектепте оқушылардың тамақтануына аса көңіл бөлінеді. Сынып жетекшілерінің тарапынан 1-11 сынып аралығында тамақтану бойынша сынып сағаттары өткізіледі. Сыныптарды ата-аналар жиналысында тамақтану туралы баяндамалар оқылып, тренингтер жүргізіледі. 
     Мектеп медбикесі С.Д.Сарсембаева «Дұрыс тамақтану неліктен маңызды?» және т.б. тақырыптарында мектеп оқушыларының арасында созылмалы аурулардың алдын алу және пайда болу қауіпін азайту шараларына байланысты диктант, сауалнамалар үнемі алып отырады. Мектеп медбикесі С.Д.Сарсембаева тарапынан асхананың тазалығы мен тамақтың дайындалу сапасы қадағаланады.    
  ДОІЖО                         Ашимбекова Р.С]]>
admin Fri, 10 Sep 2021 17:56:41 +0600