Табысты адам дегеніміз - ол мен. » №7 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№7 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Табысты адам дегеніміз - ол мен.
10
ноябрь
2021

Табысты адам дегеніміз - ол мен.

Тақырыбы: Табысты адам дегеніміз - ол мен.
Мақсаты: жас мамандардың өз өзін бағалау деңгейін көтеру, тұлғалық құнды тұстарын анықтау, дамыту.
Міндеттері: 
  1. Педагогтардың өз өзіне деген сенімділігін арттыру;
  2. Өзінің құнды тұстарын анықтап, дамыту;
Жоспары: 
  • Танысу жаттығуы
  • Визитка жаттығуы
  • Мадақтау жаттығуы
  • Өз жетістіктеріммен мақтанамын жаттығуы
  • Менің құнды қасиеттерім жаттығуы
  • Кері байланыс
1.жаттығу. «Танысу». Әр қатысушы өз есімдерін, қысқаша өзі туралы мәлімет айтады.
2-жаттығу. «Визитка». Қатысушылар ақ параққа өзінің мектептегі қызметінен бөлек, өзі қызығып айналысатын істерін белгілеп, көрнекі етіп жазып визитка жасайды. Орындап болған соң қатысушыларға көрсетіп, визиткада бейнеленген суреттерді немесе жазылған сөздерді толық ашып айтып береді. Ал қалған қатысушылар мұқият тыңдап, соңында қошемет көрсетеді.
3-жаттығу. «Мадақтау». Қатысушылар ортаға шығып екі топқа бөлінеді. Бір топ ішкі, екінші топ сыртқы дөңгелек формасында, қатысушылар бір біріне қарама қарсы жұп болатындай орналасады. Тренинг жүргізушісі айналыңдар деп айтқанда, екі дөңгелек екі бағытқа қарай қозғалады. Жүргізуші «тоқтаңыздар» деп нұсқаулық бергенде, қарама қарсы тұрған екі жұп қатысушылар бір біріне мадақтау сөзін айту керек. Мадақтау сөзіне сыртқы келбет, киімінен бастап, тұлғалық қасиеттер, кәсіби дағдыларға дейін тізіп айта беруге болады. 
4-жаттығу. «Өз жетістіктеріммен мақтанамын». Өмір барысында жеткен үлкен немесе кішкентай болсын жетістіктер, қол жеткен жеңістер туралы сөз қозғалады. Қай кезде, қаншалықты бұрын болсада қатысушылар үшін маңызды болған жетістіктерді еске түсіру қажет. Ойлануға, еске түсіруге 2-3мин уақыт беріледі. Бір қатысушы өз жетістігімен бөліскенде қалған қатысушылар мұқият тыңдап, «Мен сен үшін қуаныштымын» деп қолдап отырады.
5-жаттығу. «Менің құнды қасиеттерім». Қатысушылардан өздері атап айтқан жетістіктерге,өздерінің бойындағы қандай құнды қасиеттер көмектескені сұралады. Қатысушылар ойланып, еске түсіріп қағаз бетіне кем дегенде 3-4 қасиеттерін жазуы тиіс. Ойлануға 5 минут уақыт беріледі.
Кері байланыс. Қатысушылардан көңіл күйлерін сұрап, осы тренингтен қандай ой түйгенін, өзі туралы қандайда болсын жаңа ойлар туындағанын,   әріптестері туралы қандай жаңа ақпарат алғаны сұралады. 
Қойылатын сұрақтар:
  1. Өзіңізді қалай сезініп отырсыз?
  2. Көңіл күйіңізде қандай өзгеріс болды?
  3. Қай жаттығуды орындау қиын болды?Не себептен деп ойлайсыз?
  4. Өзіңіз туралы айту қиын болдыма?
  5. Әріптестеріңізден мадақтау есту қиын болдыма?
Қорытынды. Адам өмір бойында әртүрлі кедергілерге тап болуы мүмкін. Өздеріңіздің жақсы, құнды қасиеттеріңізді біліп, есте сақтап, жүрсеңіздер сол кедергілерді жеңіл өтуге және табысты болуға жол ашылады.
Қатысушылар тренинг-жаттығуларға белсене қатысты.  «Мадақтау», «Менің бойымдағы құнды қасиеттер» жаттығулары жүргізілді. Тренинг-жаттығу барысында өздерін еркін ұстап, өз ойларын ашық білдірді. Бір –бірлеріне жақсы сөздерін айтып, қолдап отырды. Жас мамандар өз әріптестерінің бойындағы жақсы қасиеттерін, ерекше қабілеттерін, қызығушылықтарын біле отырып, бір-бірімен етене жақын бола түсті. Тренинг соңында кері байланыста қатысушылар психологтарға және қатысушыларға алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңіл күймен қайтты.

Педагог-психологтар                           Адилетханова М.А
                                                                                        Нуржауова А.А