08
сентябрь
2022
ҰЛЫ МҰРАТҚА БІРГЕ ЖЕТЕЙІК
ҰЛЫ МҰРАТҚА БІРГЕ ЖЕТЕЙІК
Өтеген батыр ауылындағы №7 орта мектептің ұстаздары мен оқушылары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған кезекті Жолдауын ой сараптан өткізіп, өзара талдау жүргізді. Мектеп директорының әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Валибаева Аида Тоқтасынқызы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ержанов Алмат Ергешбайұлы Президент Жолдауын қысқаша түсіндіріп өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сұлтанбекова Шынар Серікқазықызы жолдауда айтылған әйел кісілердің зейнет жасының төмендейтіні, білім алушыларға жасалатын жағдайлар елді қуантқанын айта келіп, кезектен тыс Президент сайлауына атсалысуға шақырды. Сондай-ақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Райханова Гүлзира Махамбетқызы «Елімізде орын алғалы тұрған үлкен өзгерістер көңілімізден шықты. Президентіміздің айтуы бойынша біз ескі құндылықтарымызды сақтай отырып, жаңа бастамаларға бет бұрамыз. Мақсатымыз – ұлттық болмысымызды, қазақтың қазақ болып қалыптасуы жолында еңбегі ерең тұлғаларымызды құрметтей отырып, ата-бабамыз аңсаған, армандаған тәуелсіз, бейбіт ел болу» дей келе, ұлттық құндылықтарымызды сақтаудың, мемлекеттік тілге құрметпен қараудың маңыздылығына тоқталды. Ал, тарих пәнінің мұғалімі Ахметова Индира «Жолдауда ата-бабаларымыздың тәуелсіздік үшін күрескерлік жолын жалғап, Қазақстанның үш облысына тарихи атаулар берілетіні сөз болды. Жолдаудың тақырыбының өзінен жаңа леп, жаңа көзқарас, жаңа қадам, жаңа кезең, тың мазмұнға ие жаңа бағыт, сенімді көзқарас, нақты мүмкіндіктердің бары аңғарылады. Біздің қоғамның келешек мүмкіндіктері мен мемлекеттің ұлық мұратын айқындауға бағытталған саяси салмағы басым құжат деп қарағанымыз ләзім» деп, ел Президентінің бастамасымен қолға алынғалы отырған әр жұмысқа азаматтық үнімізді қосып, Жаңа Қазақстанды жаңғырта отырып жаңарту жолында бірлігімізді көрсету бабалар аманатын ұлықтау деп түсінетінін айтты. Оқушылар арасынан 10 «А» сынып оқушысы Жұмаділ Сабыр да Жолдауда айтылған білім алушыларға жаңа мүмкіндіктер туғанын, ел игілігі үшін өздері де жақсы білім алып, ұлтқа қызмет ету перзенттік парыздары екенін атап өтті.
Мектебіміздің ұстаздары мен шәкірттері Президентіміздің Жолдауын жете түсініп, Жолдауға қолдау көрсетіп, ел болашағының жарқын болатынына сенім білдірді.