2022-2023 оқу жылы үйден оқитын оқушылар туралы І- тоқсан қорытындысы
2022-2023 оқу жылы үйден оқитын оқушылар туралы
І- тоқсан қорытындысы
2022-2023 оқу жылы І тоқсанда денсаулығына байланысты 10 оқушы үйден оқиды. Олар:
ЗПР бағдарламасымен:
1. Аманжол Медина-2 «Ә» сынып оқушысы
2. Дамирұлы Хамза-3 «А» сынып оқушысы
3. Асранқұл Алтай-3«Ғ» сынып оқушысы
4. Төре Мирас-8 «В» сынып оқушысы
Қосалқы білім беру бағдарламасымен:
1. Федораева Анна-1«Г»сынып оқушысы
2. Серік Сымбат-7 «Д»сынып оқушысы
Жалпыға бірдей білім беру бағдарламасымен :
1. Буранбаев Саян- 3«В»сынып оқушысы
2. Құрманғали Айғаным -5«Б»сынып оқушысы
3. Аширбек Қызжібек-5«Ә»сынып оқушысы
4. Бондарев Илья- 8 «Ж»сынып оқушысы; 2022 жылдың 17 қазанынан қосылды.
Барлық оқушылардың денсаулығына байланысты №5 Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның және дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындылары мен мүгедектік туралы анықтамалары бар.Үйден оқитын оқушыларға бірінші жарты- жылдыққа сабақ кестелері құрылып, ата-аналарымен келісіп бекітілді.
2022 жылдың 20 қыркүйегінде «Үйден оқытуды ұйыдастыру» туралы пән мұғалімдеріне,сынып жетекшілеріне және логопед-дефектологтарына семинар өткізілді.2022 жылдың қыркүйек айында үйден оқитын оқушылардың тұрмыс жағдайымен,оқуға жағдайы бар орындарымен танысып,ата-аналарымен байланысты нығайту үшін үйден оқитын оқушылардың үйлері араланып,үй тұрмыстық жағдайын тексеру АКТ-сі құрылды.
Қазан айында пән мұғалімдерінің тақырыптық-күнтізбелік және сабақ жоспарлары зерделенді.Пән мұғалімдерінің сабақ жоспарлары түгел.Үйден оқитын оқушыларға арналған әр пән бойынша бағдарламалары, бақылау күнделігі мен сабаққа қатысу дәптерлері және жеке іс құжаттары бар. Тексеру барысында кейбір кемшіліктер орын алды.Атап айтатын болсақ, мұғалімдердің тақырыптық-күнтізбелік жоспарларының мерзімі қарындашпен қойылған, кейбір пәндерге түсінік хат жазылмаған. Сабақ жоспарларын жеке балаға арнап жазбай бүкіл сыныпқа арнап жазған мұғалімдер де болды. Әр пәнге жеке папка арналмаған. Бақылау күнделігі мен қатынас дәптерлерінде ата-аналардың қолы қойылмаған.Тексеру барысында аталған кемшіліктер жойылды.
Үйден оқитын оқушыларға сабақтар бекітілген кестеге сай өткізіледі. Ата-аналар тарапынан сабақ беретін пән мұғалімдеріне ешқандай шағым түскен жоқ.
Әр сынып жетекшілері үйден оқитын оқушылардың сабақ кестелерін электронды күнделік КZ журналына енгізіп , пән мұғалімдерінің электронды журналдарын толтыруын және бекітілген кестеге сәйкес сабақ өтуін мектеп әкімшілігі қадағалап отырады.
ДОІЖО Амантаева Г.Д.



