«Жыл мұғалімі — 2024» » №7 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№7 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жыл мұғалімі — 2024»
22
январь
2024

«Жыл мұғалімі — 2024»

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМІ АНЫҚТАЛДЫ

Бүгін мектебіміздің акт залында мектепішілік «Жыл мұғалімі — 2024» байқауы өтті. Мұғалімдер арасында өткен кәсіби байқаудың мақсаты — пән мұғалімдерінің пәнді оқытудағы құзыреттіліктерін қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзіндік педагогикалық шеберлігі қалыптасқан пән мұғалімдерін анықтау және оларға қолдау көрсету. 
Байқауға педагогикалық еңбек өтілі 5 (бес) жылдан жоғары ұстаздар қатысты. 
Байқау барысында Визит карточкасы (таныстыру),  Үздік сабақ,  Әдістемелік қоржын  және өз өнерін көрсету сынды төрт кезең бойынша мұғалімдердің білім-біліктілігі сыналды. 
Мектеп әкімшілігі мен тәжірибелі мұғалімдерден құралған қазылар алқасының шешімімен, жүлделі  І орынды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Амиренов  Самат иеленсе, ІІ орынды тарих пәнінің мұғалімі  Латыпова Назым мен бастауыш сынып мұғалімі Сартаева Динара қанжығалады. 
Ал, денешынықтыру пәнінің мұғалімі Өмірзақов Есет, биология пәнінің мұғалімі Тасыбекова Айым және математика пәнінің мұғалімі Жадыра Альфия ІІІ орынды бөлісті. Қалған қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды. 
Мектебіміздің кәсіподақ ұйымы І орынға 20 000 теңге, ІІ орынға 15000 теңге,  ІІІ орынға 10 000 теңге және ынталандыру сыйлығы ретінде басқа қатысушыларға 5000 теңгеден ақшалай сыйлық тарту етті. 
Марапаттау рәсімінде мектеп директоры Сатиева Гүлдана Табысқызы жеңімпаздарды құттықтап, жүрек тоқтатып, осы сайысқа қатысқан әрбір мұғалім жеңімпаз екенін айта келіп, қатысушыларға білім беру жолында бұдан да биік белестерді бағындыра берулеріне тілектестік білдірді.
А. Ергашин

Похожие публикации:

28 июнь 2023 Ақпарат
11 январь 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ!!!