Ақпарат » №7 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№7 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
ноябрь
2024

Ақпарат

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

           №7 орта мектебі 2024-2025 оқу жылына психолог (0,75 штат) (орыс сыныптары), биология (14 сағат) (орыс сыныптары), математика (16 сағат), (орыс сыныптары), бастауыш сынып мұғалімі (16 сағат+16 сағат), (орыс сыныптары), химия (16 сағат) (қазақ, орыс аралас сыныптар), логопед (0,5 штат), дефектолог (0,5 штат) лауазымына конкурс жариялайды. Конкурска еңбек өтілі жоғары, біліктілік санаты педагог- шебер педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы және жас мамандар қатыса алады. Құжаттар 2024 жылдың 20-28 қараша аралығында кабылданады. Комиссия отырысы 29 қараша мен 03 желтоқсан аралығында өтеді. 

Мекен жайымыз: Индекс: 040700
Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі 16 
№7 орта мектеп
эл.почта: otegen_7@mail.ru
тел: 2-01-48
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттар тізбесін жолдайды.
        1) 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Похожие публикации:

04 ноябрь 2024 Ақпарат
30 сентябрь 2024 Ақпарат
26 август 2024 Ақпарат
14 август 2024 Хабарландыру
05 август 2024 Ақпарат