ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІС » №7 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№7 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІС
30
август
2021

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІС

Қайырымдылық – ізгіліктің нақты көрінісі, адамның асыл қасиеттерінің бірі. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Мұқтажы өтелген жанның қуанышын көру, батасын алып, ризашылығына бөлену шынында керемет сезімге бөлейтіні де рас. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық. Демек, қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар ұйымдастырылып, қолдауды қажет ететін адамдарға қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді. Мемлекет тарапынан да қайырымдылықты қолдауға көп көңіл бөлініп отыр. Дәстүрге айналған республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында «Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі облыстық білім басқармасының 02.07.2021 ж. №42 – 42/2284 хаты негізінде шілде-тамыз айлары аралығында оқушыларды мектепке дайындауға байланысты Өтеген батыр кентінде орналасқан №7 мектебінде «Балаларға қамқорлық» атты акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты тұрмысы төмен және арнайы көмекті қажет ететін оқушыларға қол ұшын созып, әлеуметтік себептерге байланысты мектепке келе алмаудың алдын алу және жүрек жылуымен бөлісу болып табылады. 
Осыған байланысты, мектебіміздің әкімшілігі ұстаздар мен Өтеген батыр кентінің тұрғындарын, жеке кәсіпкерлерді және жаны жомарт азаматтарды осы акцияға қатысып, әлеуметтік көмекке мұқтаж жетім, аз қамтылған, толық емес, көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға көмек көрсетуге шақырды. 
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», - демекші, атап айтар болсақ «Карандаш» кеңсе тауарлар дүкенінің директоры И.Н.Цуканов, мектебіміздің директоры Зохида Тұрсынбекқызы Туреходжаева, мектеп директорының оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Амантаева Ғалия Дауылбаевна, мектебіміздің ұстаздары мен ата-аналар акцияға қатысып, өз үлестерін қосты. «Балаларға қамқорлық» акциясы аясында әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасынан шыққан оқушылар кеңсе тауарларымен және мектепте оқуға қажетті құрал-жабдықтармен  қамтамасыз етілді. Осындай жомарт жандардың игі істеріне өз алғысымызды білдіре отырып, әлі де болса көмекті қажет ететін отбасы бар екенін әсте естен шығармағанымыз жөн.
Для увлекательного времяпрепровождения и шанса на крупные выигрыши, попробуйте играть в "balloon" в казино уже сегодня.e balloon казино играть.
Ендеше, бұл үрдіс өз жалғасын табады. Айналамыздағы қайырымдылыққа зәру жандардың жанашыры, қамқоршысы болып, сауабы мол іске үлес қосу әрбір адамзаттың парызы. Сондықтан да көмекке, қамқорлыққа мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қайырымдылық танытайық, ағайын!
Мадина ҚҰМАРБЕКОВА, 
№7 орта мектебінің әлеуметтік педагогі