«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» » №7 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№7 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес»
01
июнь
2017

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес»

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» атты

 

Ұлттық ақпараттық науқанының іс-шаралары туралы ақпарат

 
 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2017 жылғы 1-2 маусым аралығында барлық өңірлерде «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанын өткізуді жоспарлауы, Алматы облыстық білім басқармасының 17.05.2016 жылғы №42-42/1015 хатына аудандық білім бөлімінің 18.05.2017 жылғы № 328 бұйрығына сәйкес мектебімізде « Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» акциясының 15 мамыр күні №454 бұйрығы шығарылып, 1 маусымнан 12 маусым аралығына жұмыс жоспары жасақталды. Жоспар негізінде

Мұғалімдерге «Бала еңбегінің ең нашар түрлері» семинар –презентация өткізіліп, бала еңбегінің нашар түрлерімен таныстырылып өтілді.

9-11 сынып оқушыларына « Бала еңбегі – қатал шындық» сынып сағаттары өткізіліп, жоғары сынып оқушылары мен ата-аналар жиналыстарында « Бала еңбегін пайдалану» тақырыбында еңбек туралы Заңмен таныстырылды.5-6 сынып оқушылары арасында « Балалар еңбегі- балалар көзімен» тақырыбында сурет сайысы өткілді.сурет сайысына белсене қатысқан 5а,ә, 6а,ә,б,в сынып оқушылары. Қорытындысы бойынша 5- сыныптар арасында:

1-орын- Жұмағали Әсел, Құлахметов Бауыржан, Арғынбай Ерасыл,

6- сыныптар арасында- 1-орын- Солодовник Кристина, Амангелді Әдемі;

2-орын- 5 сыныптар арасында- Берликашев Мұрагер

6- сыныптар арасында –Логинов Андрей, Калиев Бауыржан, Садық Айым.

9-а сынып оқушылары «Бала еңбегінің ауыр нысандары» тақырыбында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізсе, 9в сынып оқушылары осы тақырыпта постерлер таратып шықты.

9- маусым күні мектепжаны алаңында 10 сынып оқушылары «Бала еңбегі тоқтатылсын!» флешмобы ұйымдастырылды.