1 Республикалық семинар » №7 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№7 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
апрель
2017

1 Республикалық семинар

Республикалық семинар 

 

 


 

 

Білімге жаңаша талап қойылуда. Ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру, жаңа технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Осы орайда мектебімізде ақпан айының 18 жұлдызында «Жаңартылған білім мазмұнын енгізе отырып, оқушыларды кері байланысқа дағдыландыру» тақырыбында Республикалық семинар ұйымдастырылып өткізілді.

Семинардың мақсаты:

Жаңартылған білім мазмұнында критериалды бағалау жүйесі арқылы білім алушыларды оқуға ынталандыру кері байланыс орнатуға бейімдеу.

Семинарға «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының тренері А.Алимов және мектеп басшылары қатысты. Семинар соңында өткен ашық сабақтар мен коучинг жоғары бағаланды. Онда қазақ тілінен М.Турбаева «Боранды түнде», К.Касымбекова «Метро», Р.Ашимбекова «Санды өрнектерді салыстыру», Г.Кудайназарова «Как изменяются глаголы прошедшего времени», М.Қаржаубаев «It really works», Н.Манкеева «Физические и химические своиства металлов» атты сабақтар мен І деңгейлі мұғалім А.Е.Байтаулова «Білім беру үрдісіндегі кері байланыстың тиімділігі» атты коучинг өткізді.

Шара барысында критериалды бағалау жүйесін енгізу, оқушылардың білімін бағалау тәжірибесі талқыланды, мұғалімдердің өзара кері байланыс әрекеті, сабақты талдауы туралы пікірлер айтылды. Семинарға келген қонақтар ризашылығын біолдіріп, оқушылардың білім деңгейінің жоғары екенін атап өтті.

Қорыта келгенде мектептің даму үдерісіне әрбір мұғалімнің қосқан үлесінен көшбасшылық, коучинг, тәлімгерлік тәсілдерді тарату арқылы білім сапасының артқанын, оқушылардың оқуға қызығушылығы артқанын байқалды.