ОРТА БІЛІМ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТЫ БЕРУ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БІР ТҮРІ » №7 ОРТА МЕКТЕП
Алматинская область
Коммунальное государственное учреждение
"№7 орта мектебі"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » ОРТА БІЛІМ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТЫ БЕРУ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БІР ТҮРІ
20
июль
2021

ОРТА БІЛІМ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТЫ БЕРУ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БІР ТҮРІ

Мектеп – білімнің қара шаңырағы. Кешегі ойын баласының бойына білім нұрын құйып, азамат етіп тәрбиелейтін негізгі ошақ – білім ордасы екені баршаға мәлім. Заман ағымынан қалмай, қоғамдағы өзгерістерге бей-жай қарамай, алдыңғы лекте болып, жаңалыққа ұмтылатын жандар да білім саласында жүрген абзал жанды ұстаздар қауымы емес пе? Осы тұста айта кететін жайт, өмірдің кез келген иірімдеріне орай жаңа өрімдер, тың ойлар соны бағдарламаларға ұласып, көрініс тауып жатады. Бұл – болашақ ұрпақты білімге баулып, жастарға жақсы тәрбие беру мәселесіне де тікелей қатысты. Өйткені, жас өсіп, жеткіншектер есейіп, азамат болған кезде олар қоғамның өзгеруіне, ғылыми-техникалық үдерістің дамуына әсер етеді. Олай болса, қазіргі таңдағы мемлекеттік мекемелердің барлығындағы өзекті мәселенің бірі мемлекеттік қызмет көрсету болып отыр. Мемлекеттік  қызмет көрсету  – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты болып  табылады.
«Өскелең ұрпаққа білім беретін оқу ордаларында мемлекеттік қызмет бар ма?» - деген сұраққа жауап іздеп көрейікші. Жоғарыда айтып өткендей, ұстаздар қауымының ең үлкен миссиясы – шәкірт тәрбиелеу. Демек, ел ертеңі болатын жас ұрпақ та мемлекеттің бір бөлшегі болғандықтан, оларды сапалы біліммен қамтамасыз ету – ең үлкен қызмет. Мектепте көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлеріне шолу жасасақ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, олар төмендегідей өрбиді:
1. Оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдау; 
2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру;
3. Негізгі орта (9-сынып), жалпы орта (11-сынып) білім беру туралы құжаттарды және олардың телнұсқаларын беру; 
4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес, Жергілікті әкімшіліктің қолдауымен елдімекенде мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды таяудағы мектепке дейін және кері қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру; 
Мектебімізде осы аталған мемлекеттік қызмет түрлері жоғары деңгейде көрсетіліп келеді. Білім беру мекемесі тарапынан жүргізілетін негізгі  мемлекеттік қызмет түрі – негізгі орта (9-сынып), жалпы орта (11-сынып) білім беру туралы құжаттарды және олардың телнұсқаларын беру болып табылады. 2020-2021 оқу жылында мектебімізде 9-сынып бойынша негізгі орта білім туралы аттестатты 157 оқушы алды. Оның ішінде 22 оқушы «Лучший» аттестат иегерлері атанды. Ал, жалпы орта мектепті 89 түлек аяқтап, мектеп қабырғасынан түлеп ұшып, жалпы орта білім туралы аттестат алды. Олардың ішінде 5 оқушы «Алтын белгі» иегері болса, 13 оқушы «Лучший» аттестатқа қол жеткізді. 
Мектебімізде білім беру мекемелері тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері өз деңгейінде көрсетілуде. Қазіргі таңда қашықтықтан білім беру жүйесіне көшкендіктен, мемлекеттік қызмет түрлері де қашықтықтан көрсетіліп жатыр. Бұл – мектебіміздің заман ағымынан кеш қалмай, қоғам сұранысын қанағаттандыра алатын, жаңашыл білім ошақтарының бірі екендігін көрсетеді. 
А.А. МАКАШЕВА,
№7 орта мектептің директорының 
оқу ісі жөніндегі орынбасары