Жас келсе іске » №7 ОРТА МЕКТЕП
Алматинская область
Коммунальное государственное учреждение
"№7 орта мектебі"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » Жас келсе іске
12
март
2022

Жас келсе іске

Мақсаты  жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мамандардың кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады.
Байқауға педагогикалық еңбек өтілі 0-3 жылды құрайтын жас мамандар қатысты.
І тур: І «Визит карточкасы» - өзін-өзі таныстыру (регламент – 5-7 минут); Тәлімгер мен жас маман бірге таныстырды.  
Жұмыс моделін ұсыну арқылы өзінің ұстанымын, мамандығын жұмыс моделін, заманауи талаптарға сәйкес білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігі. /5 балл/ 
Бағалау критерийлері: 
-Ұсыныс жұмыс моделінің ерекшелігі, креативтілігі, шығармашылық жұмысты ұсынуда дайындық деңгейі;
-таныстыру форматының ерекшелігі;
- қатысушылардың өзара әрекеттесуі;
-шығармашылық шеберлігі, көркемдік дарындылығы;
- регламентті сақтауы, сахна мәдениеті; 
- АКТ пайдалануы; 
- ой нақтылығы және түсінікті жеткізілуі, логикасы;
- Педагогикалық потенциалының дамуы
-Жас маман мен тәлімгердің жұмыс барысы


ІІ. Кезең. «Лучший сабақ»  (45 минут),  жас маман мен тәлімгер жүргізеді.    /10 балл/
Бағалау критерийлері: 
-Кәсіби шеберліктері
-Оқу мақсаты мен сабақ мақсатының үйлесімдігі мен орындалуы
- Оқушыларды Ынталандыра білуі
-Оқушылармен кері байланысты тиімді пайдалануы
-Оқытудың технологиясын дұрыс таңдауы, оқушының жасы мен дамуына сәйкестігі
-Сабақтағы оқыту үрдісіндегі жүйелілік және бірізділік
-Үй тапсырмасының көлемінің тиімділігі және оны оқушыға жеткізу әдістемесі.
ІІІ. Педагогикалық жағдаят қоржыны  (1 минут)     /5 балл/
Бағалау критерийлері: 
1.Сұрақтарға нақты, толық жауап беру қажет.