Балақайлар мектебі
Алматинская область Іле ауданы Өтеген батыр кентінде орналасқан «№ 7 орта мектеп» МКМ 02.08.2022 – 30.08.2022 аралығында 1 – сыныпқа қысқа мерзімде дайындау мақсатында «Балақайлар мектебі» ұйымдастырылды.
Даярлық сабағының мақсаты: балалардың мектепте оқуға деген ынтасын, зияткерлік, эмоционалдық-еріктік дайындығына ықпал ететін білім беру ортасын құру, 1 сыныпта табысты бейімделуін қамтамасыз ету.
Мектебімізде дайындыққа арналған 2 топ құрылды. Қазақ тобында А.М. Рахимжан, орыс тобында Л.Н. Кривенко сабақ жүргізеді. Әр балаға мектеп бағдарламасын бірден игеріп кету оңайға соқпайды. Сол себепті сабақтар әр түрлі ойындар мен ертегілер негізінде өткізіліп жатыр.






Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ғ.Д. Амантаева