2022-2023 оқу жылы ІҮ -тоқсан бойынша тасымалданатын оқушылар туралы қорытындысы » №7 ОРТА МЕКТЕП
Алматинская область
Коммунальное государственное учреждение
"№7 орта мектебі"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » 2022-2023 оқу жылы ІҮ -тоқсан бойынша тасымалданатын оқушылар туралы қорытындысы
05
июнь
2023

2022-2023 оқу жылы ІҮ -тоқсан бойынша тасымалданатын оқушылар туралы қорытындысы

2022-2023 оқу жылы ІҮ -тоқсан бойынша тасымалданатын   оқушылар туралы қорытындысы

       Мектепте оқушыларды тасымалдау жұмысы ұйымдастырылған. «Арман» ықшамауданынан 28 оқушы, ара қашықтығы  9 шаршы метр, «Калинин» саяжайларынан 32 оқушы, арақашықтығы 3 шаршы метр  тасымалданады. «Арман»ықшамауданынан 1 ауысымда-19 оқушы, 2 ауысымда-9 оқушы, Калинин саяжайларынан 1 ауысымда-15 оқушы, 2 ауысымда -17  оқушы тасымалданады. 1-4 сыныптар арасында «Арман» ықшамауданынан 9  оқушы, 5-9 сыныптар арасында 14 оқушы, 10-11 сыныптар арасында 5 оқушы қатынайды. 1-4сыныптар арасында Калинин саяжайларынан 3 оқушы, 5-9 сыныптар арасында 27 оқушы 10-11 сыныптар арасында 2 оқушы тасымалданады. Келісім шарт бойынша оқушыларды тасымалдау үшін 2 автобуспен қамтамасыз етілген. Оқушылар белгіленген жерде уақытылы тасымалданады, тазалық ережелері сақталған.«Арман» ықшамауданынан,Калинин саяжайларынан Өтеген батыр ауылына дейінгі бағыттағы жол сызбалары бар.Оқушыларды тасымалдау кестесі жасалған. Барлығы 60 оқушы тасымалданады. Кезекші мұғалімдер ауысым бойынша оқушылардың мектепке тасымалдауын және автобустардың уақтылы келіп кетуін қадағалайды.  Кезекші мұғалім Қуанышева Гүльфайрус Ардаққызы түс мезгілінде «Арман» ықшамауданының жүргізушісімен бірге балаларды алып келіп, шығарып салуды қадағалайды. Автобус жүргізушілері мен оқушылардың ата-аналары балалардың өмір қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарайды.Тасымалдау барысында осы оқу жылының ІҮ-тоқсанында ата-аналар тарапынан шағымдар болған жоқ. Сәуір және мамыр айларында тасымалдаумен қамтамасыз етілген оқушыларға мектеп әкімшілігі тарапынан нұсқаулық берілді.Сәуір айында тасымалданатын оқушылардың ата-аналарына мектеп әкімшілігі тарапынан нұсқаулық  берілді. Сондай-ақ сынып жетекшілері тарапынан тасымалданатын оқушыларға   жолдағы, көліктегі өмір қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, күнделікті сабаққа қатысуы қадағаланады. 

 Сәуір айында 6 «Б» сынып оқушысы Ергеш Нұртөре «Арман» ықшамауданының тізіміне енгізілді. Барлығы жалпы алғанда ІҮ-тоқсанның аяғына 60 оқушы мамыр айының 31-іне дейін тасымалданды. Аудандық білім бөліміне оқушыларды тасымалдау туралы апталық ақпарат беріліп отырды. 



ДОІЖО                                  Амантаева Г.Д.