Информация » №7 ОРТА МЕКТЕП
Алматинская область
Коммунальное государственное учреждение
"№7 орта мектебі"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
31
июль
2025

Информация

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

1. №7 орта мектебі 2025-2026 оқу жылына директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары (бос орынға 1 штат), директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (бос орынға 2 штат), логопед бос орынға (1 штат), математика орыс сыныптары бос орынға (16 +16+16 сағат), бастауыш сынып мұғалімі (орыс сыныптары бос орынға) (16 сағат+16 сағат), география (орыс сыныптары бос орынға), (16 сағат), физика орыс сыныптары бос орынға (16 сағат), орыс тілі мен әдебиеті орыс сыныптары бос орынға (16 сағат), көркем еңбек ( орыс сыныптарының ұлдар мен қыздар тобына) ( 8 сағат) уақытша лауазымына конкурс жариялайды. Конкурска еңбек өтілі жоғары, біліктілік санаты педагог- шебер6 педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы және жас мамандар қатыса алады. Құжаттар 2025 жылдың 31 шілде мен 08 тамыз аралығында қабылданады. Комиссия отырысы 11-13 тамыз аралығында өтеді. 

Мекен жайымыз: Индекс: 040700
Алматинская область, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі 16 
№7 орта мектеп
эл.почта: otegen_7@mail.ru
тел: 2-01-48
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттар тізбесін жолдайды.
1)2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
      8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
      11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
      12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Похожие публикации:

28 март 2025 Хабарландыру
19 февраль 2025 Информация
04 ноябрь 2024 Информация
30 сентябрь 2024 Информация
26 август 2024 Информация