«Адал ұрпақ» еріктілер клубының атқарылған жұмыстарының есебі
Алматинская область, Өтеген батыр кенті № 7 орта мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасыты қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» еріктілер клубында іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар жасалды. Клуб мүшелері 9-сынып оқушыларынан құралған.
Жыл басында «Адал ұрпақ» еріктілер клубына арналған жылдық жоспар бекітілді. Жоспар бойынша клуб жетекшісі Ибраева Хамар Мұхаметқалиқызы бекітілді. Жоспарға сай клуб мүшелері тағайындалды. . Клуб жұмысы үш секция бойынша жұмыс жасап жатыр:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім;
- Информация және шығармашылық;
- Мәдени-көпшілік іс-шаралар бағытында жұмыс жасайды. Клуб мүшелері жоспарға сай бекітілген жұмыстарын уақытында орындап отырды.
Қыркүйек айында- «Парасатты азамат» бұрышы мектептің кіреберіс дәлізіне орналасқан . Бұрыштың мақсаты: жас ұрпақты Отансүйгіштіккке, азаматтылыққа, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметпен қарауға , адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, еңбекүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға, адалдыққа тәрбиелеу. Жоспарға сай әр үш бағыт бойынша жұмыстар атқарылды.
Қазан айында-«Сүіспеншілік- адамның басты қасиеті, ақиқат оның негізі, дұрыс әрекет- оның шынайы өмірі». Мектепішілік арнайы сынып сағаттары өткізілді. Ар-ұят, абырой, адалдық, әділеттілік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мәселесі қаралды.
Қараша айында- «Менің құқығым» тақырыбында суреттер байқауы өткізілді. Құқықбұзушылық, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеу, мәдениетті қалыптастырудағы отбасының рөлі туралы мәселелер қозғалды.
Желтоқсан айында- «Қазақстан құқықтық мемлекет» тақырыбында суреттер байқауы болды. Байқауға мектеп оқушылары белсенді ат салысты.
1-желтоқсан «Тұңғыш президент» күніне арналған мектеп көлемінде сынып сағаттары болып өтті. Оқушылардың патриоттық, көшбасшылық, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру мақсатында арнайы сынып сағаттары болды.
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» деген тақырыпта сынып сағаттары мен ашық сабақтар болып өтті. Акцияның негізгі идеясы , сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымдарын қалыптастыру болды. Клуб мүшелерінің жұмыстары әлі де жалғасын тауып, жұмыс жүргізілуде.

Желтоқсан айында- «Қазақстан құқықтық мемлекет» тақырыбында суреттер байқауы болды. Байқауға мектеп оқушылары белсенді ат салысты.
1-желтоқсан «Тұңғыш президент» күніне арналған мектеп көлемінде сынып сағаттары болып өтті. Оқушылардың патриоттық, көшбасшылық, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру мақсатында арнайы сынып сағаттары болды.
«Сыбайлас жкмқорлыққа жол жоқ» деген тақырыпта сынып сағаттары мен ашық сабақтар болып өтті. Акцияның негізгі идеясы , сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымдарын қалыптастыру болды. Клуб мүшелерінің жұмыстары әлі де жалғасын тауып, жұмыс жүргізілуде.
Қаңтар айында- республикалық бірыңғай «Адалдық сағаты» сабағы өткізілді. Мектебіміздің 9- сынып оқушыларымен жүргізілген дөңгелек үстелге қонақ ретінде мектебіміздің ардагер ұстазы Т.С. Аутова, ауданымыздың ардагерлер ұйымының төрағасы М.С. Сейдалиев, аудандық заң және құқық бөлімінің заңгері Л.К. Алехин шақырылып, өз ойларымен бөлісті, оқушылармен пікір алмасты.
























