20
апрель
2017
1 сыңыпқа қабылдау құжаттар
Бастауыш білім беру ұйымдары даярлық деңгейіне қарамастан,
кезекті оқу жылының 1 қыркүйегіне дейін білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумақтарындағы алты
(жеті) жасқа толған барлық балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді.
Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:
1) баланың заңды өкілдерінен өтініш;
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (медициналық паспорт);
4) тұратын жерінен анықтама немесе тұратын жерін растайтын басқа құжат;
5) 3x4 көлеміндегі фото — 2 дана.
Бастауыш білім беру ұйымының бірінші сыныбына баратын
балалардың заңды өкілдерінен өтініш қабылдау ағымдағы
жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында жүргізіледі.