Оқу жылының аяқталуына орай мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді » №7 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№7 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқу жылының аяқталуына орай мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді
19
май
2026

Оқу жылының аяқталуына орай мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді

Оқу жылының аяқталуына орай мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері және ата-аналар қатысты. Жиналыстың негізгі мақсаты — оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мектеп бітіру шараларын ұйымдастыру барысында тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелерін түсіндіру болды.
Жиналыс барысында оқушылардың жаз мезгіліндегі қауіпсіздігі жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, өрт қауіпсіздігі, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау кезіндегі сақтық шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар интернет қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып, әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану, күмәнді сайттар мен ойындардан сақ болу, жеке мәліметтерді жарияламау жөнінде ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ кәмелетке толмаған оқушылардың кешкі уақытта заңды өкілінсіз көшеде жүрмеуі керектігі ескертіліп, ата-аналардың бала қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы қажеттігі айтылды.
9–11-сынып оқушыларының ата-аналарына аттестат алу және мектеп бітіру кезеңінде ешқандай қаражат жинамау, дастарқан ұйымдастырмау, көлік жалдап қыдырмау, пәтер немесе басқа да ойын-сауық орындарын жалдап жиналмау туралы түсіндірілді. Барлық іс-шаралар қауіпсіздік талаптарына және қолданыстағы тәртіпке сай ұйымдастырылуы қажеттігі ескертілді.
Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, оқушылардың қауіпсіздігі баршаға ортақ жауапкершілік екені атап өтілді.
[media=https://youtube.com/shorts/ogJnGDcf2mM?si=TeZFdh2oy04FI2B4]