2022-2023 оқу жылы І- тоқсан бойынша тасымалданатын оқушылар туралы қорытынды » №7 ОРТА МЕКТЕП
Almaty region
Municipal public institution
"№7 орта мектебі"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » 2022-2023 оқу жылы І- тоқсан бойынша тасымалданатын оқушылар туралы қорытынды
31
October
2022

2022-2023 оқу жылы І- тоқсан бойынша тасымалданатын оқушылар туралы қорытынды

2022-2023 оқу жылы І- тоқсан бойынша тасымалданатын   оқушылар туралы қорытынды

       Мектепте оқушыларды тасымалдау жұмысы ұйымдастырылған. «Арман» ықшамауданынан 28 оқушы, ара қашықтығы  9 шаршы метр, «Калинин» саяжайларынан 36 оқушы, арақашықтығы 3 шаршы метр  тасымалданады. «Арман»ықшамауданынан 1 ауысымда-19 оқушы, 2ауысымда-9 оқушы, Калинин саяжайларынан 1 ауысымда-15 оқушы, 2ауысымда-21оқушы тасымалданады. 1-4сыныптар арасында «Арман»ықшамауданынан 10 оқушы,5-9 сыныптар арасында 13 оқушы, 1-4сыныптар арасында Калинин саяжайларынан 5 оқушы, 5-9 сыныптар арасында 29 оқушы  тасымалданады. Келісім шарт бойынша оқушыларды тасымалдау үшін 2 автобуспен қамтамасыз етілген. Оқушылар белгіленген жерде уақытылы тасымалданады, тазалық ережелері сақталған.«Арман» ықшамауданынан,Калинин саяжайларынан Өтеген батыр ауылына дейінгі бағыттағы жол сызбалары бар.Оқушыларды тасымалдау кестесі жасалған. Барлығы 64 оқушы тасымалданады. Оқушыларды тасымалдауды ұйымдастырудағы кезекшілік кестесі директормен бекітілген.Кезекші мұғалімдер ауысым бойынша оқушылардың мектепке тасымалдауын және автобустардың уақтылы келіп кетуін қадағалайды.Автобус жүргізушілері мен оқушылардың ата-аналары балалардың өмір қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарайды.             Тасымалдау барысында осы оқу жылының І-тоқсанында ата-аналар тарапынан шағымдар болған жоқ.Қыркүйек және қазан айларында тасымалдаумен қамтамасыз етілген оқушыларға мектеп әкімшілігі тарапынан нұсқаулық берілді.Қыркүйек айында тасымалданатын оқушылардың ата-аналарына мектеп әкімшілігі тарапынан нұсқаулық  берілді.Сондай-ақ сынып жетекшілері тарапынан тасымалданатын оқушыларға   жолдағы, көліктегі өмір қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, күнделікті сабаққа қатысуы қадағаланады.Қазан айында « Арман» ықшамауданына 1 оқушы (Гиндер Евгений),Калинин саяжайына 1 оқушы (Бақберген Ерасыл) қосылды.Ал 26 қазанда «Урожай» саяжайынан 2 оқушы кетті (Коротченко Артем және Коротченко Кирилл).Барлығы жалпы алғанда 1-тоқсанның аяғына 62 оқушы тасымалданды.

        Аудандық білім бөліміне оқушыларды тасымалдау туралы апталық ақпарат беріліп отырады. 


                ДОІЖО                            Амантаева Г.Д.