2021-2022 оқу жылы ІІІ- тоқсан бойынша мектеп оқушыларын тасымалдауды бақылау қорытындысы » №7 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№7 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021-2022 оқу жылы ІІІ- тоқсан бойынша мектеп оқушыларын тасымалдауды бақылау қорытындысы
17
март
2022

2021-2022 оқу жылы ІІІ- тоқсан бойынша мектеп оқушыларын тасымалдауды бақылау қорытындысы

       «Арман» ықшамауданынан 28 оқушы, ара қашықтығы  9 шаршы метр, «Калинин» саяжайларынан 37 оқушы, арақашықтығы 3 шаршы метр  тасымалданады. «Арман»ықшамауданынан 1-ауысымда-14 оқушы,2-ауысымда-14 оқушы, Калинин саяжайларынан 1-ауысымда-14 оқушы, 2-ауысымда-23 оқушы тасымалданады. 1-4сыныптар арасында «Арман»ықшамауданынан 10 оқушы, 5-9 сыныптар арасында18 оқушы, 1-4сыныптар арасында Калинин саяжайларынан 18 оқушы,5-9сыныптар арасында 19 оқушы   тасымалданады. Келісім шарт бойынша оқушыларды тасымалдау үшін 2 автобуспен қамтамасыз етілген. Оқушылар белгіленген жерде уақытылы тасымалданады, тазалық ережелері сақталған.

    «Арман» ықшамауданынан ,Калинин саяжайларынан Өтеген батыр кентіне дейінгі бағыттағы жол сызбалары бар.Оқушыларды тасымалдау кестесі жасалған.Барлығы 65 оқушы тасымалданады. Оқушыларды тасымалдауды ұйымдастырудағы кезекшілік кестесі директормен бекітілген.Кезекші мұғалімдер ауысым бойынша оқушылардың мектепке тасымалдауын және автобустардың уақтылы келіп кетуін қадағалайды.Автобус жүргізушілері мен оқушылардың ата- аналары балалардың өмір қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарайды. Тасымалдау барысында осы оқу жылының ІІІ- тоқсанында ата- аналар тарапынан шағымдар болған жоқ.

       Сынып жетекшілері тарапынан тасымалданатын оқушыларға  жолдағы, көліктегі өмір қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, күнделікті сабаққа қатысуы қадағаланады.

Аудандық білім бөліміне оқушыларды тасымалдау туралы апталық ақпарат беріліп отырады. 

       17-18.02.2022 ж. «Қауіпсіз автобус» атты рейд жүргізілді. Автобуста талапқа сай «Балалар» деген белгі, жүргізушіде қозғалыс кестесі мен балалардың тізімі бар.Ай сайын балалар мен ата-аналарға сынып жетекшісі мен әкімшілік тарапынан қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өтеді. 

Рейд кезінде жүргізуші және оның көлігіне кемшіліктер байқалмады. Автобус іші санитарлық талапқа сай таза.

        Оқушыларды тасымалдау қызметі бойынша ата-аналар тарапынан шағым болған жоқ. 






17-18.02.2022 ж. «Қауіпсіз автобус» атты рейд жүргізілді