2021-2022 оқу жылына тасымалданатын оқушылар туралы мәлімет » №7 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№7 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021-2022 оқу жылына тасымалданатын оқушылар туралы мәлімет
10
сентябрь
2021

2021-2022 оқу жылына тасымалданатын оқушылар туралы мәлімет

Мектепте оқушыларды тасымалдау жұмысы ұйымдастырылған. «Арман» ықшамауданынан 27 оқушы, ара қашықтығы  9 шаршы метр,«Қарасу» ауылынан 12 оқушы, ара қашықтығы 6 шаршы метр, «Калинин» саяжайларынан 33 оқушы, арақашықтығы 3 шаршы метр  тасымалданады. «Арман»ықшамауданынан 1ауысымда-12 оқушы,2ауысымда-15 оқушы,Қарасу ауылынан 1ауысымда-оқушы жоқ,2ауысымда-12 оқушы,Калинин саяжайларынан 1ауысымда-12 оқушы,2ауысымда-21оқушы тасымалданады.1-4сыныптар арасында «Арман»ықшамауданынан 9 оқушы,5-9сыныптар арасында18 оқушы,1-4сыныптар арасында Қарасу ауылынан 5 оқушы,5-9сыныптар арасында 7оқушы,1-4сыныптар арасында Калинин саяжайларынан 11оқушы,5-9сыныптар арасында 21оқушы  тасымалданады. Келісім шарт бойынша оқушыларды тасымалдау үшін 3 автобуспен қамтамасыз етілген. Қарасу ауылынан, «Арман» ықшамауданынан ,Калинин саяжайларынан Өтеген батыр кентіне дейінгі бағыттағы жол сызбалары бар.Оқушыларды тасымалдау кестесі жасалған.Барлығы 72 оқушы тасымалданады.
     2021-2022 оқу жылына оқушыларды тасымалдау туралы жұмыс жоспары құрылған.Оқушыларды тасымалдауды ұйымдастырудағы кезекшілік кестесі директормен бекітілген.Кезекші мұғалімдер ауысым бойынша оқушылардың мектепке тасымалдауын және автобустардың уақтылы келіп кетуін қадағалайды.Оқушыларды тасымалдаумен қамтамасыз ету мақсатында мектепішілік 2 қыркүйек 2021 жылғы   бұйрықтарға сәйкес тасымалданатын оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуын қадағалап отыру үшін жауапты мұғалімдер бекітілді.
      2022-2021 оқу жылының қыркүйек айында тасымалдаумен қамтамасыз етілген оқушылардың ата-аналары нұсқаулық пен таныстырылды. Сондай-ақ оқушылар ай сайын жолдағы, көліктегі өмір қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, күнделікті сабаққа қатысуы қадағаланады. 2021 жылдың 6-7 қыркүйегі аралығында Қарасу ауылы мен Арман ықшамауданына, 2021 жылдың 10 қыркүйегінде Калинин саяжайларына «Қауіпсіз мектеп автобусы» атты рейдтер жасалынды. Оқущылардың сабаққа келуін қадағалайтын жауапты мұғалімдер Г.Е.Алыбаева мен А.М.Рахимжан бұйрықпен бекітілді. 
     Сынып жетекшілері оқушылармен жолда жүру ережесі бойынша әңгіме ережесі бойынша әңгіме өткізіп тұрады. Ата-аналардан балаға жауапкершілігі артылуына байланысты қол хат алынды. Тасымалданатын оқушылардың құжаттары нұсқауға сәйкес рәсімделген. «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы барысында оқушылардың дұрыс тасымалдануы мақсатында рейд жүргізілді. Оқушылар белгіленген жерде уақытылы тасымалданады, тазалық ережелері сақталған. 
     Сынып жетекшілер оқушылармен жолда жүру ережесі бойынша әңгіме өткізіп тұрады. Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасары Р.С.Ашимбекова   оқушылар  мен  ата-аналарға техника қауіпсіздігі жайлы нұсқаулық жүргізді.
ДОІЖО                     Ашимбекова Р.С