2021-2022 оқу жылына тамақтанатын оқушылар туралы мәлімет » №7 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№7 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021-2022 оқу жылына тамақтанатын оқушылар туралы мәлімет
10
сентябрь
2021

2021-2022 оқу жылына тамақтанатын оқушылар туралы мәлімет

«№7 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде - 2211 бала   білім алады, оның 2199 баласы мектеп асханасында  ыстық тамақпен тамақтанады. Күнделікті мектеп асханасынан 2026 оқушы ата-ана көмегімен тамақтанады. Бір балаға берілетін ыстық тамақтың бағасы 400 теңге,оның құрамына бір ыстық тамақ,нан және сусын кіреді. Ыстық тамақпен бастауыш сынып оқушыларынан 958 бала қамтылса, 1241 оқушы 5-11 сынып оқушылары арасынан қамтылды.Оқушылар арнайы бекітілген кесте бойынша,сынып жетекшісінің қадағалуымен ыстық тамақтарын күнделікті ішіп отырады. Мектеп асханасында мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер тарапынан кезекшілік ұйымдастырылған. Мектепішілік бұйрық негізінде оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін,тамақтың сапасын,асхана тазалығын тексеру мақсатында комиссия мүшелері бекітілген.
     Жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген қаражатқа 173 бала және жалға алушы  Г.Т.Есенбаева тарапынан 20 бала тегін тамақтанады. Тегін тамақтануды жүзеге асыруды қадағалау сынып жетекшілері, комиссия мүшелері мен әлеуметтік педагог М.Б.Кумарбековаға жүктелген. Қыркүйек айынан бастап әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан және жетім, ААҚҚ, көп балалы, сәтсіз отбасынан шыққан балалардың тегін және үнемі тамақтануы ұйымдастырылып, қадағаланып отыр. Жалға алушы Г.Т.Есенбаева  2014 жылдан бері мектеп асханасын жалға алған. Оқу жылының қыркүйек айынан мектеп пен жалға алушы арасында шарт жасалған. Асханада 8 жұмыскер жұмыс жасайды. Барлық жұмыскерлер медициналық қараудан өткен және жұмыскерлер арнайы киіммен қамтамасыз етілген. Осы оқу жылында мектеп асханасы күрделі жөндеуден өтті және санитарлық жағдайы жақсы. Жалға алушы тарапынан ыдыс аяқ, қол кептіргіш, сусабын құятын құрылғылар, арнайы астың пайдасы туралы жазылған тақтайшалар, тазартылған су, қысқа толқынды пеш, ыстық су қайнататын шәугімдер, тағам қоятын сөрелер т.б қамтамасыз етілген. Қолданылатын құрал жабдықтар арнайы жазумен жазылған. Мектеп асханасында оқушы денсаулығына пайдалы тағамдар соның ішінде сүт тағамдарынан жасалатын ботқа, сорпа, кептірілген жемістен жасалған шырын, балғын көкөністерден жасалған салаттар жасалынады. Мектеп асханасында бастауыш сынып оқушылары арнайы бекітілген кестемен тамақтанады. Асханада әкімшілік және мұғалімдер тарапынан кезекшілік ұйымдастырылған. Мектеп әкімшілігінің бұйрығымен құрылған бақылау комиссиясы айына бір рет асхананың жұмысын бақылап тексеріп отырады. Мектепте оқушылардың тамақтануына аса көңіл бөлінеді. Сынып жетекшілерінің тарапынан 1-11 сынып аралығында тамақтану бойынша сынып сағаттары өткізіледі. Сыныптарды ата-аналар жиналысында тамақтану туралы баяндамалар оқылып, тренингтер жүргізіледі. 
     Мектеп медбикесі С.Д.Сарсембаева «Дұрыс тамақтану неліктен маңызды?» және т.б. тақырыптарында мектеп оқушыларының арасында созылмалы аурулардың алдын алу және пайда болу қауіпін азайту шараларына байланысты диктант, сауалнамалар үнемі алып отырады. Мектеп медбикесі С.Д.Сарсембаева тарапынан асхананың тазалығы мен тамақтың дайындалу сапасы қадағаланады.    
  ДОІЖО                         Ашимбекова Р.С