2019-2020 оқу жылының 2 тоқсанында тәрбие жұмысы бойынша атқарылған іс- шаралар туралы мәлімет
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие :
Мектебімізде аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2019 жылдың 25 қазанынан 25 қарашга аралығында «Құқықтық жалпы оқыту» айлық іс-шааларын өткізу бұйрығы шығарылып, іс-шаралар жоспары құрастырылды. Айлық іс-шараларын өткізудің мақсаты оқушылар мен ата-аналар арасында құқықтық сауаттылығына арттыра отырып, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу. Жоспарға сәйкес айлық іс-шаралар барысында мектеп кітапханашысы Қ.Баткалова «Заңды білу міндет!» бұрышын ұйымдастырды.

Сондай-ақ жоспарға сәйкес 1-4 сынып оқушыларына «Сенің құқығың», 5-11 сынып оқушыларына «Мектеп ережесі және оны орындау» , «Балалардың қауіпсіздігі» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. 1-4 сынып оқушыларына «Құқық суреттерде» тақырыбында сурет байқауы, 5-7 сынып оқушыларына «Менің міндетім» тақырыбында палакаттар сайысы ұйымдастырылды. Айлық іс-шаралар барысында 9 а сынып жетекшісі М.С.Қаржаубаевпен 7 г сынып жетекшісі А.Кожакановалар бірінші және екінші ауысым оқушыларына «Құқығым бар- міндетімді орындаймын» тақырыбында сыныптарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.Ашық тәрбие сағаттарына келсек, 8 сыныптар арасында 8 д сынып жетекшісі Қ.Кулдасова «Жасөспірім және заң алдындағы жауапкершілік» 7 орыс сыныптары арасында 7 б сынып жетекшісі Г.С.Бекбергенова «Құқық білгірері» 6 сыныптар арасында К.Изимбетова «Құқық әлеміне саяхат» тақырыптарында тәрбие сағаттарын өткізсе, 9-11 сынып оқушыларына 9 а сынып жетекшісі М.А.Майлыбаев ( бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында «Айтуға оңай» шоуын ұйымдастырды. Өкінішке орай аталған іс-шараға құқық қорғау қызметкерлері қатыса алған жоқ. Құқық қорғау органдары 1 қараша күні ұйымдастырылған «Суық қаруды қолданудың алдын алу» тақырыбындағы жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысына да қатысқан жоқ. сондай-ақ айлық барысында «Жасөспірім» , «Балалар түнгі қалада» рейдттерімен бірге есепте тұрған оқушылардың да үйлеріне рейд жұмыстары атқарылды. Атап айтаныны құқықтық жалпы оқыту айлығы барысында«Бала құқығы- адам құқығы» онкүндігі атқырылды. Онкүндік барысында 20 қараша күні Дүниежүзілік балалар күні ( 20 қараша) және Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы қабылданғанының 30 жылдығы мен ратификацияланғанының 25 жылдығын мерекелеуге арналған «Балалар үшін бірге» бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылды. Айлық барысында«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»» онкүндігі іс-шаралары да ұйымдастырылды.
Облыстық білім басқармасының тапсырмасы негізінде ауданымызда 03-13 желтоқсан аралығында «Туым –намыс, ұраным- бірлік, рәміздерім- мақтанышым!» атты ҚР мемлекеттік рәміздерінің насихатталуына арналған марафон ұйымдастырылды. Марафонның ашылуы №38 мектеп гимназиясында ұйымдастырылып, марафонға 8 а,ә сынып оқушылары белсене қатысты.
Мектепте аудандық білім бөлімінің жоспары негізінде 2019 жылдың 28 қарашасынан 09 желтоқсан аралығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» іс-шараларды ұйымдастырып, өткізу туралы бұйрық шығарылды. Бұйрық негізінде іс-шаралар жоспары құрастырылып өткізілді. Атап айтқанда 9 в сынып жетекшісі А.Н.Ахмедова «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында оқушылар және мұғалімдер арасында буклеттер таратты.


09 желтоқсан күні 1-11 сынып жетекшілері «Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік қауіпті көрініс» немесе «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыптарында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.





Апталық барысында «Адал ұрпақ» топ мүшелері және 7-8 сынып оқушылары «Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында плакат- каллаж ұйымдастырылса, бастауыш сынып оқушыларына «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақ тілі пәні мұғалімі Ш.С.Султанбекова 10-11 сынып оқушылары арасында ««Елімнің болашағы-менің қолымда» тақрыбында ой толғау жұмысын жүргізді.
Жоспар негізінде белгілі себептермен Жемқорлықсыз қоғамға қадам» тақырыбында дебат, Біз жемқорлыққа қарсымыз» - флешмоб сайысы 8-9 сынып оқушылары арасында флешмоб ұйымдастырылған жоқ.
Жоспар негізінде 25 қарашадан 29 қараша аралығында « Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» тақырыбында «Тұңғыш Президент» күніне орай бірыңғай ашық сабақтары өткізілді. Бірыңғай ашық сабақтарды тарих пәні мұғалімдері алып шықты.
5 а,ә,б қазақ сыныптарына «Евразия жүрегіндегі қала» | Ибраева Х |
5 в,г,д,е,ж «Столица нашей Родины» | Карипова Қ.Н |
9 б,в,г«Көшбасшы өмірбаяны- ел тарихында» | Текибаева З.Д |
10б,в,11 б«Н.Назарбаев: өмір мен қызмет шежіресі» | Карипова Қ.Н |
«Н.Назарбаев: өмір мен қызмет шежіресі» конференция 9-11 сыныптарға9а,ә,10а,11а, 7 а,ә,8 а,ә | З.С.Султанова |
» 6 а,ә,б Көшбасшы өмірбаяны- ел тарихында» | Ибраева Х. |
6 в,г,д,е«Президентпен болашаққа | Текибаева З.С |
7 б,в,г,д, «Президентпен болашаққа | Кулдасова Қ.А |
8 б,в,г,д«Мудрость Лидера» | Кулдасова Қ.А |
1- сыныптар «Еңбексүйгіш Сұлтан» | 1- сынып жетекшілері |
2- сыныптарға «Армандар орындалады» | 2- сынып жетекшілері |
3- сыныптарға «Ұлт көшбасшысы – Н.Ә. Назарбаевтың портреті» | 3- сынып жетекшілері |
4 сыныптарға «Президент болу – бұл ...» | 4- сынып жетекшілері |
Желтоқсан айының 3 мен 13 аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда 1-4 сыныптарға «Еліміздің еркіндігі- Тәуелсіздік» ( «Независимость- символ свободы») 2.5-9 сыныптарға : «Желтоқсан- тәуелсіздік рухы» ( «Желтоқсан- дух свободы» ; 3. 10-11 сыныптарға «Тәуелсіздік- елімнің еркін жолы» ,( «Независимость- свободный путь страны» ) тақырыптарында сынып сағаттары ұйымдастырылды. Тәуелсіздік мерекесі апталығы тарих пәні бірлестігінің ашылуна сәйкес келгендіктен іс-шаралар үйлесімді өткізілді. Осы орайда тарих пәні бірлестігінің ашылу салтанатын З.С.Султанова, ҚКулдасова және З.Текибаевалар жүргізсе, 8 ә сынып жетекшісі Ж.Т.Закарина «Желтоқсан уақиғасының куәгерлері» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. 13 желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 5- сынып оқушылары жоспар негізінде « Жас ұлан» ұйымының мүшелігіне қабылданды.
19 желтоқсан күні тарих пәні бірлесітігінің жабылуы «Тәуелсіздік» мерекесіне арналған концерттік бағдарламамен аяқталды. Концерттік бағдарламаға мектебіміздің ата-аналары шақырылып, патриоттық іс-шараларға белсене қатысқан мұғалімдер және оқушылар марапатталды.
12 желтоқсан күні аудандық білім бөлімініңұйымастыруымен мектебімізде аудандық ЮПТ , мектепішілік, және сәтсіз отбасынан шыққаноқушылар әжне ата-аналарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге аудандық прокуратураның аға прокуроры Алмасбеков, ЖПҚ бастығының уақытша атқарушы Г.Г.Нечаев және білім бөлімінің бас маманы А.А.Толеубковалар қатысты.
Жалпы желтоқсан айының қорытындысы негізінде мектебімізде аудандық ЮПТ есебінде оқушы жоқ,-8 б сынып оқушысы Сыздыков Арман жақсы тәртібі үшін алынып тасталында, мектепішілік есепте-1 оушы- 7 д сынып оқушысы Биталмирзаев Рустам,сәтсіз отбасынан шыққан- Богатикова Мария, Моисевв Павел- 1 отбасынан, Городняцкая Камилла, Малыгин Артем- 1 отбасынан, Амангелді Адемі, Култанова Алия- 1 отбасынан, Сытина Ангелин- жалпы -7 оқушы- ата-анасының ішімдікке салынғаны үшін есепте тұр.
Рухани-адамгершілік тәрбие :
Аудандық білім бөлімінің жоспары негізінде 2019 жылдың «23 қараша- Жалпыадамзаттық Құндылықтар күнін» атап өтуде «Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті, ақиқат-оның негізі, дұрыс әрекет-оның шынайы өмірі» ( Любовь – главное качество человека, истина- основа , правильный поступок- настоящая жизнь») тақырыбында сСынып сағаттары, шаттық шеңбері ұйымдастырылды. Атап айтқанда өзін-өзі тану пәні мұғалімі Б.Д.Нуреббаева 5- және 3 сыныптарға ашық тәрбие сағаттарын ұйымдастырды.
«Жас полиция» кадет сыныптары 20 желтоқсан күні Ащыбұлақ ауылындағы қарттар үйіне концерттік бағдарламамен жаңа жыл қарсаңында құттықтау іс-шарасын жүргізіп келді.
25 желтоқсан күні мектебіміздің жеті және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 10 оқушысы аудан әкімі шыршасына 26 желтоқсан күні көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан-35 оқушысы жергілікті әкім шыршасына 26 желтоқсан күні сәтсіз отбасынан шыққан -5 оқушы аудандық білім бөлімі атынан мерекелік іс-шараларға қатысты.
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты: .
Мектебімізде аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2019 жылдың 14 қарашасынан 14 желтоқсан аралығында «Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар жоспары құрастырылып , өткізілді. Айлық барысында 5-11 сынып оқушыларына «Нашақорлық-ғасыр дерті» тақырыбында сынып сағаттары , 7-8 сынып оқушылары арасында»Нашақорлықсыз өмір» плакаттар сайысы ұйымдастырылса, 1-4 сынып оқушыларына « Спорт-денсаулық кепілі» тақырыбында суретте байқауы жүргізілді. 8в сынып жетекшісі Г.В.Афонина «Нашақорлықтың салдары» тақырыбында 7-8 сынып оқушыларына конференция өткізді.
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері айлық барысында 8-10 сынып оқушылары арасында волейбол жарысын ұйымдастырды.



Сондай-ақ Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аудандық «Мен- чемпион» эстафеталық жарыс ойындары ұйымдастырылды. Жарысқа ауданнан 11 команда қатысты. Мектебіміздің командасы -1 орын иеленді.