2022-2023 оқу жылы қаңтар айы үйден оқитын оқушылар туралы мәлімет » №7 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№7 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылы қаңтар айы үйден оқитын оқушылар туралы мәлімет
07
февраль
2023

2022-2023 оқу жылы қаңтар айы үйден оқитын оқушылар туралы мәлімет

2022-2023 оқу жылы қаңтар айы  үйден оқитын оқушылар туралы мәлімет


     2022-2023 оқу жылы қаңтар айында денсаулығына байланысты   14 оқушы үйден оқиды. Олар: 

ЗПР бағдарламасымен:  

    1. Аманжол Медина-2 «Ә» сынып оқушысы

    2. Дамирұлы Хамза-3 «А» сынып оқушысы

    3. Асранқұл Алтай-3«Ғ» сынып оқушысы

    4. Төре Мирас-8 «В» сынып оқушысы

Қосалқы  білім беру бағдарламасымен: 

     1. Федораева Анна-1«Г»сынып оқушысы

     2. Серік Сымбат-7 «Д»сынып оқушысы

Жалпыға бірдей білім беру бағдарламасымен :

    1. Буранбаев Саян- 3«В»сынып оқушысы

    2. Құрманғали Айғаным -5«Б»сынып оқушысы                 

    3. Аширбек Қызжібек-5«Ә»сынып оқушысы

    4. Бондарев Илья- 8 «Ж»сынып оқушысы; 2022 жылдың 17 қазанынан қосылды.

     5.Таиров Сұлтан- 9 «Б»сынып оқушысы ; 2022 жылдың 01 қарашасынан қосылды.

     6. Гербер Давид – 8 «Г» сынып оқушысы ; 2022 жылдың 03 қарашасынан қосылды.

     7. Асембек Алдияр - 6 «В»сынып оқушысы ; 2022 жылдың 14қарашасынан қосылды.

     8. Даулет Әділет- 7 «Ғ»сынып оқушысы ; 2022 жылдың 02 желтоқсаннан қосылды.

           Үйден оқитын оқушыларға  екінші  жарты- жылдыққа сабақ кестелері құрылып, ата-аналарымен келісіп бекітілді.

           2022 жылдың желтоқсан айында үйде оқитын балаларға пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері жаңа жылдық сыйлықтарын табыс етіп, өз тілектерін білдірді. 2 «Ә» сынып оқушысы Аманжол Медина мектепішілік шырша мерекесіне қатысты. 2023 жылдың қаңтар айында жаңадан қосылған үйден оқитын оқушылардың тұрмыс жағдайымен,оқуға жағдайы бар орындарымен танысып,ата-аналарымен байланысты нығайту үшін үйден оқитын оқушылардың үйлері араланып,үй тұрмыстық жағдайын тексеру АКТ-сі құрылды.

           Қаңтар айында пән мұғалімдерінің тақырыптық-күнтізбелік және сабақ жоспарлары зерделенді.Пән мұғалімдерінің сабақ жоспарлары түгел.Үйден оқитын оқушыларға арналған әр пән бойынша бағдарламалары, бақылау күнделігі мен сабаққа қатысу дәптерлері және жеке іс құжаттары бар. Тексеру барысында кейбір кемшіліктер орын алды.Атап айтатын болсақ, мұғалімдердің тақырыптық-күнтізбелік жоспарларының мерзімі қарындашпен қойылған, кейбір пәндерге түсінік хат жазылмаған. Сабақ жоспарларын жеке балаға арнап жазбай бүкіл сыныпқа арнап жазған мұғалімдер де болды.  Бақылау күнделігі мен қатынас дәптерлерінде ата-аналардың қолы қойылмаған.Тексеру барысында аталған кемшіліктер жойылды.

           Үйден оқитын оқушыларға  сабақтар бекітілген кестеге сай өткізіледі. Ата-аналар тарапынан сабақ беретін пән мұғалімдеріне ешқандай шағым түскен  жоқ.

           Әр сынып жетекшілері үйден оқитын оқушылардың сабақ кестелерін электронды күнделік КZ журналына енгізіп , пән мұғалімдерінің  электронды журналдарын толтыруын және бекітілген кестеге сәйкес сабақ өтуін мектеп әкімшілігі қадағалап отырады.

                      ДОІЖО                              Амантаева Г.Д.