2022-2023 оқу жылы ІІІ -тоқсан бойынша тасымалданатын оқушылар туралы қорытындысы » №7 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№7 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылы ІІІ -тоқсан бойынша тасымалданатын оқушылар туралы қорытындысы
17
март
2023

2022-2023 оқу жылы ІІІ -тоқсан бойынша тасымалданатын оқушылар туралы қорытындысы

2022-2023 оқу жылы ІІІ -тоқсан бойынша тасымалданатын   оқушылар туралы қорытындысы

       Мектепте оқушыларды тасымалдау жұмысы ұйымдастырылған. «Арман» ықшамауданынан 27 оқушы, ара қашықтығы  9 шаршы метр, «Калинин» саяжайларынан 32 оқушы, арақашықтығы 3 шаршы метр  тасымалданады. «Арман»ықшамауданынан 1 ауысымда-19 оқушы, 2 ауысымда-8 оқушы, Калинин саяжайларынан 1 ауысымда-15 оқушы, 2 ауысымда -17  оқушы тасымалданады. 1-4 сыныптар арасында «Арман» ықшамауданынан 9  оқушы, 5-9 сыныптар арасында 13 оқушы, 10-11 сыныптар арасында 5 оқушы қатынайды. 1-4сыныптар арасында Калинин саяжайларынан 3 оқушы, 5-9 сыныптар арасында 27 оқушы 10-11 сыныптар арасында 2 оқушы тасымалданады. Келісім шарт бойынша оқушыларды тасымалдау үшін 2 автобуспен қамтамасыз етілген. Оқушылар белгіленген жерде уақытылы тасымалданады, тазалық ережелері сақталған.«Арман» ықшамауданынан,Калинин саяжайларынан Өтеген батыр ауылына дейінгі бағыттағы жол сызбалары бар.Оқушыларды тасымалдау кестесі жасалған. Барлығы 59 оқушы тасымалданады. Кезекші мұғалімдер ауысым бойынша оқушылардың мектепке тасымалдауын және автобустардың уақтылы келіп кетуін қадағалайды. Қаңтар айынан кезекші мұғалім Қуанышева Гүльфайрус Ардаққызы түс мезгілінде «Арман» ықшамауданының жүргізушісімен бірге балаларды алып келіп, шығарып салуды қадағалайды. Автобус жүргізушілері мен оқушылардың ата-аналары балалардың өмір қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарайды.Тасымалдау барысында осы оқу жылының ІІІ-тоқсанында ата-аналар тарапынан шағымдар болған жоқ.Қаңтар және ақпан айларында тасымалдаумен қамтамасыз етілген оқушыларға мектеп әкімшілігі тарапынан нұсқаулық берілді.Қаңтар айында тасымалданатын оқушылардың ата-аналарына мектеп әкімшілігі тарапынан нұсқаулық  берілді. Сондай-ақ сынып жетекшілері тарапынан тасымалданатын оқушыларға  жолдағы, көліктегі өмір қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, күнделікті сабаққа қатысуы қадағаланады. 

Қаңтар айында Оралбаева Диана және Оралбай Даулет  «Калинин» саяжайының тізімінен алынды.  Құмарбек Бекзат пен Құмарбек Айерке «Арман» ықшамауданының тізімінен алынды. Ақпан айында Вдовенко Ксения «Калинин» саяжайының тізіміне енгізілді.  Богатикова Юлия мен  Моисеев Павел «Калинин» саяжайының тізімінен алынды. Болат Әлібек ақпан айында үйде н оқытылатын болғандықтан «Арман» ықшамауданының тізімінен алынды.   Барлығы жалпы алғанда ІІІ-тоқсанның аяғына 59 оқушы тасымалданды. Аудандық білім бөліміне оқушыларды тасымалдау туралы апталық ақпарат беріліп отырады. 

ДОІЖО                                  Амантаева Г.Д.