ЕР – ЕЛДІҢ ҚОРҒАНЫ » №7 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№7 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЕР – ЕЛДІҢ ҚОРҒАНЫ
07
май
2023

ЕР – ЕЛДІҢ ҚОРҒАНЫ

ЕР – ЕЛДІҢ ҚОРҒАНЫ

Құрметті мектебіміздің арқа сүйер азаматтары!

Қазақстан атты ұлы Отанымыз бабалар аңсаған азаттыққа қол жеткізген соң, мемлекеттіктің бір белгісі ретінде әрі бабадан қалған ұлан байтақ жерді ішкі-сыртқы жаулардан қорғап, елдің іргесін мықтап, 1992 жылы 7 мамыр күні өзінің Қарулы Күштерін құрған болатын. Биыл 7 мамыр – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 31 жыл толып отыр. Еліміз үшін бұл мереке – батырлық пен табандылықтың, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Ұлтаралық келісім мен тұрақтылық және достық пен ынтымақтастықтың үлкен шаңырағы – Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің қауіпсіздігіне және оны мекендеген ұлттар мен ұлыстардың бейбіт өмір сүруіне егемен еліміздің Қорғаныс Күштері кепіл болады. Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау – ел азаматтарының қасиетті борышы. Бұған сонау ерте дәуірдегі Шырақ батыр, Мөде қаған, Еділ патшалардан бастап, қазақ хандығы кезіндегі Қобыланды, Бөгенбай, Қабанбай батырлардың, хан Абылай мен Әбілқайырдың, Кенесарының, Махамбет пен Исатайдың, кешегі Батыр Бауыржан, Талғат Бигелдинов, Мәншүк пен Әлиядай шығыстың қос жұлдызы, тәуелсіздік деп алаңға шыққан Қайрат, Ерболдай асылдар куә. Осы батырлардың ізін басып, еркін елдің ертеңіне алаңдап қарап, болашағын кемел ететін бүгінгі бейбіт күннің батырлары, соғыс болмауы үшін қолына қару алып елдің тыныштығын күзетіп жүрген азаматтар да бабалар секілді антына адал, халық қамын ойлаған ерлер екеніне күмән жоқ. Себебі, дана халқымыз «Ер – ел қорғаны» деп, ер азаматтарға үміт артқан.
Құрметті Ұлы Отан соғысының және Тыл ардагерлері, Сіздерді Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймын. Бұл мереке – жанқиярлық ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Сіздердің ерен ерліктеріңіздің арқасында біз бейбіт өмір, бақытты ғұмыр кешудеміз. Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін ел жадында мәңгілік сақтауға арналған ең қастерлі мереке.
Баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, зор бақыт, бейбіт өмір мен береке-бірлік тілеймін. Жеңіс пен жетістік ұғымдары еліміздің даму қарқынымен қашанда қанаттас келеді. Осынау жарқын күнге жеткізген ардагерлеріміз аман болғай!