Алматы облысында мектепте ақша жинаудың 20-дан астам дерегі тіркелді » №7 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№7 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы облысында мектепте ақша жинаудың 20-дан астам дерегі тіркелді
18
май
2023

Алматы облысында мектепте ақша жинаудың 20-дан астам дерегі тіркелді


📍Алматы облысында мектепте ақша жинаудың 20-дан астам дерегі тіркелді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл мектепте ақша жинау бойынша жедел желіге 20-дан астам қоңырау түскен.

Аталған мәселеге байланысты Антикор заң бұзғандардың үстінен әкімшілік және қылмыстық іс қозғалатынын ескертеді.

"Мектеп бітіруші түлектердің, жалпы оқушылардың ата-аналары қосымша шығындарды көтермеуі керек. Қазақстанда орта білім тегін беріледі. ҚР ӘҚБтК-нің 677-бабына сай, сыбайлас жемқорлықпен айналысқандарға 600 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал қылмыстық іс қозғалса, заңның 366-бабына сәйкес, тұлғаның мүлкі тәркілене отырып, пара сомасының 20 еселенген мөлшеріндегі айыппұлдан 15 жылға дейінгі мерзімге дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деп жазды ведомство.

Антикор мұғалімдерге құны 10 АЕК-тен асатын сыйлықтар беруге тыйым салынғанын да ескертеді. Әйтпегенде, сыйақы алған адам Қылмыстық кодекстің 247-бабы бойынша 2000 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Сондай-ақ Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары жоғарыда аталғандай жағдайлар кездессе, 1424 Call орталығына хабарласуға болатынын мәлімдеді.