Білім сапасын арттыруда оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалану арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру » №7 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№7 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім сапасын арттыруда оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалану арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру
06
март
2024

Білім сапасын арттыруда оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалану арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

2024 жылы 3-ші наурызында аудандық әдістемелік орталықтың әдіскері Г.Турманбетованың ұйымдастыруымен №7 орта мектепте бастауыш сынып пәндерінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында "Білім сапасын арттыруда оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалану арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру" тақырыбында ауданық бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар өтті. Семинарға аудандық әдістемелік орталықтың әдіскері: Тұрманбетова Гулзат Турганбековна және аудан мектептерінен 50 бастауыш сынып ұстаздары сабақтарға қатысты.

Семинарға бастауыш сынып мұғалімдері: Б.О.Касымбекова, А.М.Ержанова, Г.С.Исабаева, М.Ж.Сегизбаева, Н.И.Ефремова, Ж.Н.Шорманова, О.К.Нусупова, Б.С.Искаковалар негізгі пәндерден түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып ашық сабақтар өткізсе, әріптестеріміз А.Т.Егіншиева мен Л.А.Акейкина "Оқыту технологияларын ұтымды пайдалану арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру" тақырыбындағы шебер-сыныбымен бөлісті. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары өздерінің өнерлерімен көзге түсіп, семинарға қатысушыларға керемет көңіл күй сыйлады.

Семинарға қатысушы мұғалімдер әріптестерінің сабақтарында функционалды сауаттылықты дамытуға арналған көптеген әдіс-тәсілдер пайдалану арқылы балалардың сабаққа қызығушылығын арттыра алғандығын айтып өтіп, әріптестеріне деген ризашылығын білдірді.

Семинар соңында мектеп директорының міндетін атқарушы Төлегенова Жамиля Қазақбаевна бастауыш сынып мұғалімдеріне сәттілік тілей отыра, мектеп жетістіктерімен бөліссе, аудандық әдістемелік орталықтың әдіскері Турманбетова Гулзат Турганбековна семинарға өте жақсы деген баға берді.