2021-2022 оқу жылы үйден оқитын оқушылар туралы І тоқсан қорытындысы » №7 ОРТА МЕКТЕП
Алматинская область
Коммунальное государственное учреждение
"№7 орта мектебі"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» 2021-2022 оқу жылы үйден оқитын оқушылар туралы І тоқсан қорытындысы
05
ноябрь
2021

2021-2022 оқу жылы үйден оқитын оқушылар туралы І тоқсан қорытындысы

     2021-2022 оқу жылы І тоқсанда денсаулығына байланысты   13 оқушы үйден оқиды. Олар: 
ЗПР бағдарламасымен:  
    1. Дамирұлы Хамза
    2. Дакишев Руслан
    3. Төре Мирас;  
Қосалқы  білім беру бағдарламасымен: 
     1. Бейсенбек  Алихан
     2. Серік Сымбат
     3. Бекешев Турсынбек
     4. Лукьянов Игнат
     5. Гадаборшев Рустам
Жалпыға бірдей білім беру бағдарламасымен :
    1. Аманжол Медина
    2. Асранқұл Алтай
    3.Құрманғали Айғаным                  
    4. Аширбек Қызжібек
    5. Буранбаев Саян 
           Барлық оқушылардың денсаулығына байланысты №5 Облыстық психологиялық-медициналық -педагогикалық консультацияның және дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындылары мен мүгедектік туралы анықтамалары бар.Үйден оқитын оқушыларға  бірінші жарты- жылдыққа сабақ кестелері құрылып, ата-аналарымен келісіп бекітілді.
Қазан айында пән мұғалімдерінің тақырыптық-күнтізбелік және сабақ жоспарлары зерделенді.  Пән мұғалімдерінің сабақ жоспарлары түгел.Үйден оқитын оқушыларға арналған әр пән бойынша бағдарламалары, бақылау күнделігі мен сабаққа қатысу дәптерлері және жеке іс құжаттары бар. Тексеру барысында кейбір кемшіліктер орын алды. Атап айтатын болсақ, мұғалімдердің тақырыптық-күнтізбелік жоспарларының мерзімі қарындашпен қойылған, кейбір пәндерге түсінік хат жазылмаған. Сабақ жоспарларын жеке балаға арнап жазбай бүкіл сыныпқа арнап жазған мұғалімдер де болды. Әр пәнге жеке папка арналмаған. Бақылау күнделігі мен қатынас дәптерлерінде ата –аналардың қолы қойылмаған.
            Сабақтар бекітілген кестеге сай өткізіледі. Ата-аналар тарапынан сабақ беретін пән мұғалімдеріне ешқандай шағым түскен  жоқ.
           Әр сынып жетекшілері үйден оқитын оқушылардың сабақ кестелерін электронды күнделік КZ журналына енгізіп , пән мұғалімдерінің  электронды журналдарын толтыруын және бекітілген кестеге сәйкес сабақ өтуін мектеп әкімшілігі қадағалап отырады.
ДОІЖО                              Ашимбекова Р.С