2021-2022 оқу жылында ІІ тоқсан бойынша мектеп асханасында оқушылардың тамақтануын бақылау қорытындысы
2021-2022 оқу жылында ІІ тоқсан бойынша мектеп асханасында оқушылардың тамақтануын бақылау қорытындысы
Асханада барлығы 8 адам жұмыс істейді. Барлығы тексеруден өткен. Асханада екі апталық бірінші, екінші ас мәзірі құрылып, мөлшері, сапасы,тазалығы тексеріліп тұрады. Ас мәзірі күнделікті мектеп директоры мен мектеп медбикесімен бекітілген. Әзірленген ас күні бойы жүзеге асырылады. Тағам дайындау сапасы қанағаттанарлық, мектеп медбикесі С.Д.Сәрсембаева күнделікті тамақтың дәмін тексереді.
Күнде жасалынған тамақтардан тексеру алынып, 1 тәулікке қалдырылып отырады. Асхана ішінде шикі өнімдер мен піскен өнімдері өз деңгейінде пайдаланылады. Әкелінген шикізаттардың сертификаттары толығымен тексеріліп тұрады. Асхана бөлмелерінің және ыдыстардың тазалығы күн сайын тексеріледі. Аптасына бір рет асхана бөлмелері толығымен жуылып, дез.ертіндісімен тазартылады.Мектеп асханасының санитарлық жағдайы қанағаттанарлық. Тамақтану құны- 450 теңге. Ыстық тамақпен -2208 оқушы қамтылған.Жалға алушының есебінен 20 оқушы тегін тамақтанады, жалпыға бірдей білім беру қорынан 235 аз қамтылған, көп балалы, жетім, ата-анасының қамқорынсыз қалған отбасынан шыққан оқушылар тамақтанады. Мектептің әлеуметтік педагогы М.Б.Құмарбекова және тамақтану жөніндегі бақылау комиссия мүшелері тарапынан есеп және бақылау жүргізіледі.
Оқушылар кестеге сәйкес тамақтанады. Бастауыш сынып оқушылары ұжымдық түрде тамақтанады.Ыстық тамақ мәзірінде ет сорпасынан дайындалған түрлі сорпалар, сүт ботқалары, екінші тағам түрлері және әртүрлі өнімдер бар.Аптасына сүттен дайындалатын ботқамен бірге 2 талдан тәтті печенье беріледі.Сонымен қатар аптасына сорпа тағамы кезінде 2 рет бәліш немесе тәтті тоқаш қосылып беріледі және аптасына 2 рет екінші тағам беріледі. Күнделікті және апталық ас мәзірін жоспарлағанда сүт өнімдері, бірінші және екінші тағамдар. Тағамдар сапалы әзірленген.
ДОІЖО Р.С.Ашимбекова