2021-2022 оқу жылында қараша айында тамақтанатын оқушылар туралы мәлімет » №7 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№7 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021-2022 оқу жылында қараша айында тамақтанатын оқушылар туралы мәлімет
02
декабрь
2021

2021-2022 оқу жылында қараша айында тамақтанатын оқушылар туралы мәлімет

«№7 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде - 2221 бала  білім алады, оның 2208 баласы мектеп асханасында  ыстық тамақпен тамақтанады. Жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген қаражатқа 235 бала және жалға алушы  Г.Т.Есенбаева тарапынан 20 бала тегін тамақтанады.Күнделікті мектеп асханасынан 1973 оқушы ата-ана көмегімен тамақтанады. Бір балаға берілетін ыстық тамақтың бағасы 450 теңге,оның құрамына бір ыстық тамақ,нан және сусын кіреді. Ыстық тамақпен бастауыш сынып оқушыларынан 959 бала қамтылса,   1249 оқушы 5-11 сынып оқушылары арасынан қамтылды. Оқушылар арнайы бекітілген кесте бойынша,сынып жетекшісінің қадағалуымен ыстық тамақтарын күнделікті ішіп отырады. Мектеп асханасында мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер тарапынан кезекшілік ұйымдастырылған. Мектепішілік бұйрық негізінде оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін,тамақтың сапасын,асхана тазалығын тексеру мақсатында комиссия мүшелері бекітілген. Ыстық тамақ мәзірінде ет сорпасынан дайындалған түрлі сорпалар, сүт ботқалары, екінші тағам түрлері және әртүрлі  өнімдер бар.Аптасына сүттен дайындалатын  ботқамен бірге 2 талдан тәтті печенье беріледі.Сонымен қатар аптасына сорпа тағамы кезінде 2 рет бәліш немесе тәтті тоқаш қосылып беріледі және аптасына 2 рет екінші тағам беріледі. Күнделікті және апталық ас мәзірін жоспарлағанда сүт өнімдері, бірінші және екінші тағамдар. Тағамдар сапалы әзірленген.