№7 орта мектебінің асханасында оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша 2022 жылдың ақпан айының есебі
2022 жылдың ақпан айында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көп балалы, толық емес, сәтсіз отбасыларында тәрбиеленетін 1-4 сыныптардан 154 (жүз елу төрт) оқушы, 5-11сыныптардан 116 (жүз он алты) оқушы , барлығы 270 (екі жүз жетпіс ) оқушы мектеп асханасында ЖБББ қорынан тегін тамақтанды.
Жеке кәсіпкерГ.Т.Есенбаеваның есебінен отбасы жағдайы төмен, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан 5 оқушы тегін тамақтандырылды.
Күнделікті мектеп асханасында 1970 оқушы ата-ана көмегімен тамақтанды. Бір балаға берілетін ыстық тамақтың бағасы 500 теңге, оның құрамына бір ыстық тамақ, нан, сусын, йогурт немесе жеміс кіреді. Ыстық тамақпен бастауыш сынып оқушыларынан 969 бала қамтылса, 1271 оқушы 5-11 сынып оқушылары арасынан қамтылды. Оқушылар арнайы бекітілген кесте бойынша, сынып жетекшісінің қадағалауымен ыстық тамақтарын күнделікті ішіп отырды.
25.02.2022 жылы мектеп асханасында оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін тексеру жұмыстары жүргізіліп, акт жасалды. Ыстық тамақ мәзірінде ет сорпасынан дайындалған түрлі сорпалар, сүт ботқалары, екінші тағам түрлері және әртүрлі өнімдер бар. Тексеру барысында асханада оқушылардың тамақтану сапасына және асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы бойынша ескерту болмады.
ДОТІЖО Г.Д.Амантаева






