«№7 орта мектеп»МКМ Мектеп асханасын тексеру актісі 2021-2022 оқу жылы қаңтар айы
2022 жылдың қаңтар айында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көп балалы, толық емес, сәтсіз отбасыларында тәрбиеленетін 1-4 сыныптардан 148 (жүз қырық сегіз) оқушы, 5-сыныптардан 40 (қырық) оқушы, 9,11-сыныптардан 8 (сегіз) оқушы , барлығы 196 (жүз тоқсан алты) оқушы мектеп асханасында ЖБББ қорынан тегін тамақтанды. Тамақтану құны- 500 теңге. Жеке кәсіпкерГ.Т.Есенбаеваның есебінен отбасы жағдайы төмен, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан 20 оқушы тегін тамақтандырылды.
Күнделікті мектеп асханасында 1247 оқушы ата-ана көмегімен тамақтанды. Ыстық тамақпен бастауыш сынып оқушыларынан 969 бала қамтылса, 494 оқушы 5,9,11 сынып оқушылары арасынан қамтылды. Оқушылар арнайы бекітілген кесте бойынша, сынып жетекшісінің қадағалауымен ыстық тамақтарын күнделікті ішіп отырды. 17 қаңтардан 6,7,8,10-сынып оқушылары қашықтықтан оқыды.
Асханада барлығы 8 адам жұмыс істейді. Барлығы тексеруден өткен. Асханада екі апталық бірінші, екінші ас мәзірі құрылып, мөлшері, сапасы,тазалығы тексеріліп тұрады. Ас мәзірі күнделікті мектеп директоры мен мектеп медбикесімен бекітілген. Әзірленген ас күні бойы жүзеге асырылады. Тағам дайындау сапасы қанағаттанарлық, мектеп медбикесі С.Д.Сәрсембаева күнделікті тамақтың дәмін тексереді.
Күнде жасалынған тамақтардан тексеру алынып, 1 тәулікке қалдырылып отырады. Ыстық тамақ мәзірінде ет сорпасынан дайындалған түрлі сорпалар, сүт ботқалары, екінші тағам түрлері және әртүрлі өнімдер бар. Аптасына сүттен дайындалатын ботқамен бірге 2 талдан тәтті печенье беріледі.Сонымен қатар аптасына сорпа тағамы кезінде 2 рет бәліш немесе тәтті тоқаш қосылып беріледі және аптасына 2 рет екінші тағам беріледі. Тағамдар сапалы әзірленген. Тексеру барысында асханада оқушылардың тамақтану сапасына және асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы бойынша ескерту болмады.
Асхана ішінде шикі өнімдер мен піскен өнімдері өз деңгейінде пайдаланылады. Әкелінген шикізаттардың сертификаттары толығымен тексеріліп тұрады. Асхана бөлмелерінің және ыдыстардың тазалығы күн сайын тексеріледі. Аптасына бір рет асхана бөлмелері толығымен жуылып, дез.ертіндісімен тазартылады.Мектеп асханасының санитарлық жағдайы қанағаттанарлық.
ДОІЖО Р.С.Ашимбекова









