Мектебімізге 50 жыл » №7 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№7 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізге 50 жыл
11
февраль
2022

Мектебімізге 50 жыл

11.02.2022 ж мектебімізге 50 жыл толуына орай, Жас мамандардың ұйымдастыруымен осы мектепте қызмет істеген ардагер ұстаздармен кездесу кеші өтті. Кештің мақсаты: қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұстаздық жолында еңбек еткен ұстаздарды ұлықтап, жас ұрпақты, мектебіміздегі жас мамандарды адамгершілікке, мейірімділікке, үлкенді құрметтеуге, адами құндылықтарды бойларына сіңіру, тәрбиелеу. Кешке арнайы шақырылған қонақтарға өнерлі оқушылар мен ұстаздар әдемі кеш сыйлады.  Мектеп директоры Туреходжаева Зохида Тұрсынбекқызы мектептің 50  жылдық мерекесімен құттықтап, қонақтарға ізгі тілектерін айтты. Кеш соңында ардагерлер де өз жүрекжарды тілектерін айтып, аздаған сый-сыяпаттармен тарқады. Мектебіміздің жас мамандары әдеттегідей бар өнерлерін ортаға салып, ретро стильде киініп, кеш қонақтарына өз замандарын  еске саларлықтай көріністер қойды. Ардагер ұстаздар алғыстарын жаудырып, тамаша көңіл сыйлағандықтарын айтты. "Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы" демекші, ардагер ұстаздардан тәлім-тәрбие алған, мектебімізден түлеп ұшып, ұстаздық жолында қызмет істеп жүрген жас мамандарымыз да жоқ емес. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген мектебіміздің 50 жылдық мерейтойы құтты болсын. Ұрпағымыз білімді, саналы, салиқалы болсын! Алдымызда отырған шәкірттеріміз үкілі үмітімізді ақтап, мектебіміздің мәртебесін көтере берсін.