2022-2023 оқу жылы үйден оқитын оқушылар туралы ІІІ - тоқсан қорытындысы » №7 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№7 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылы үйден оқитын оқушылар туралы ІІІ - тоқсан қорытындысы
17
март
2023

2022-2023 оқу жылы үйден оқитын оқушылар туралы ІІІ - тоқсан қорытындысы

2022-2023 оқу жылы үйден оқитын оқушылар туралы 

ІІІ - тоқсан қорытындысы

     2022-2023 оқу жылы ІІІ тоқсанда денсаулығына байланысты   15 оқушы үйден оқиды. Олар: 

ЗПР бағдарламасымен:  

    1. Аманжол Медина-2 «Ә» сынып оқушысы

    2. Дамирұлы Хамза-3 «А» сынып оқушысы

    3. Асранқұл Алтай-3«Ғ» сынып оқушысы

    4. Төре Мирас-8 «В» сынып оқушысы

Қосалқы  білім беру бағдарламасымен: 

     1. Федораева Анна-1«Г»сынып оқушысы

     2. Серік Сымбат-7 «Д»сынып оқушысы

Жалпыға бірдей білім беру бағдарламасымен :

    1. Буранбаев Саян- 3«В»сынып оқушысы

    2. Құрманғали Айғаным -5«Б»сынып оқушысы                 

    3. Аширбек Қызжібек-5«Ә»сынып оқушысы

    4. Бондарев Илья- 8 «Ж»сынып оқушысы; 2022 жылдың 17 қазанынан қосылды.

     5.Таиров Сұлтан- 9 «Б»сынып оқушысы ; 2022 жылдың 01 қарашасынан қосылды.

     6. Асембек Алдияр - 6 «В»сынып оқушысы ; 2022 жылдың 14қарашасынан қосылды.

     7. Даулет Әділет- 7 «Ғ»сынып оқушысы ; 2022 жылдың 02 желтоқсаннан қосылды.

    8. Бугаева Татьяна - 6 «Д»сынып оқушысы ; 2022 жылдың 02желтоқсаннан  қосылды.

    9. Болат Әлібек – 4 «З» сынып оқушысы ; 2023 жылдың 14 ақпаннан қосылды.

           Барлық оқушылардың денсаулығына байланысты №5 Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның және дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындылары мен мүгедектік туралы анықтамалары бар.Үйден оқитын оқушыларға   бірінші жарты- жылдыққа сабақ кестелері құрылып, ата-аналарымен келісіп бекітілді.

           2023 жылдың наурыз айында жаңадан қосылған 4 «З» сынып оқушысы Болат Әлібектің  тұрмыс жағдайымен, оқуға жағдайы бар орнымен танысып, ата-анасымен байланысты нығайту үшін үйден оқитын оқушының үйі араланып, үй тұрмыстық жағдайын тексеру АКТ-сі құрылды.

           Наурыз айында пән мұғалімдерінің тақырыптық-күнтізбелік және сабақ жоспарлары зерделенді.Пән мұғалімдерінің сабақ жоспарлары түгел.Үйден оқитын оқушыларға арналған әр пән бойынша бағдарламалары, бақылау күнделігі мен сабаққа қатысу дәптерлері және жеке іс құжаттары бар. Тексеру барысында кейбір кемшіліктер орын алды.Атап айтатын болсақ, сабақ жоспарларын жеке балаға арнап жазбай бүкіл сыныпқа арнап жазған мұғалімдер де болды. Бақылау күнделігі мен қатынас дәптерлерінде ата-аналардың қолы қойылмаған.Тексеру барысында аталған кемшіліктер жойылды.

           Үйден оқитын оқушыларға  сабақтар бекітілген кестеге сай өткізіледі. Ата-аналар тарапынан сабақ беретін пән мұғалімдеріне ешқандай шағым түскен  жоқ.

           Әр сынып жетекшілері үйден оқитын оқушылардың сабақ кестелерін электронды күнделік КZ журналына енгізіп , пән мұғалімдерінің  электронды журналдарын толтыруын және бекітілген кестеге сәйкес сабақ өтуін мектеп әкімшілігі қадағалап отырады.


                      ДОІЖО                              Амантаева Г.Д.