2021-2022 оқу жылында ІҮ тоқсан бойынша мектеп асханасында оқушылардың тамақтануын бақылау қорытындысы
2021-2022 оқу жылында ІҮ тоқсан бойынша мектеп асханасында оқушылардың тамақтануын бақылау қорытындысы
2021-2022 оқу жылының 4- тоқсанында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көп балалы, толық емес, сәтсіз отбасыларында тәрбиеленетін 1-4 сыныптардан 156 (жүз елу алты) оқушы, 5- 11-сыныптардан 116 (жүз он алты) оқушы , барлығы 272(екі жүз жетпіс екі) оқушы мектеп асханасында ЖБББ қорынан тегін тамақтанды. Тамақтану құны- 500 теңге. 20.05.2022 жылы мектеп асханасында оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін тексеру жұмыстары жүргізіліп, акт жасалды. Жеке кәсіпкерГ.Т.Есенбаеваның есебінен отбасы жағдайы төмен, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан 5 оқушы тегін тамақтандырылды. Мектеп асханасында жасалынған тамақтардан күнде тексеру алынып, 1 тәулікке қалдырылып отырады. Ыстық тамақ мәзірінде ет сорпасынан дайындалған түрлі сорпалар, сүт ботқалары, екінші тағам түрлері және әртүрлі өнімдер бар. Аптасына сүттен дайындалатын ботқамен бірге йогурт және жеміс қосымша беріледі.Сонымен қатар аптасына сорпа тағамы кезінде 2 рет бәліш немесе тәтті тоқаш қосылып және аптасына 2 рет екінші тағам беріледі. Тағамдар сапалы әзірленген. Тексеру барысында асханада оқушылардың тамақтану сапасына және асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы бойынша ескерту болмады.Асхана ішінде шикі өнімдер мен піскен өнімдері өз деңгейінде пайдаланылады. Әкелінген шикізаттардың сертификаттары толығымен тексеріліп тұрады. Асхана бөлмелерінің және ыдыстардың тазалығы күн сайын тексеріледі.
Күнделікті мектеп асханасында 1968 оқушы ата-ана көмегімен тамақтанды. Оқушылар арнайы бекітілген кесте бойынша, сынып жетекшісінің қадағалауымен ыстық тамақтарын күнделікті ішіп отырды. Асханада барлығы 10 адам жұмыс істейді. Барлығы тексеруден өткен. Асханада екі апталық бірінші, екінші ас мәзірі құрылып, мөлшері, сапасы,тазалығы тексеріліп тұрады. Ас мәзірі күнделікті мектеп директоры мен мектеп медбикесімен бекітілген. Әзірленген ас күні бойы жүзеге асырылады. Тағам дайындау сапасы қанағаттанарлық, мектеп медбикесі С.Д.Сәрсембаева күнделікті тамақтың дәмін тексереді. Аптасына бір рет асхана бөлмелері толығымен жуылып, дез.ертіндісімен тазартылады.Мектеп асханасының санитарлық жағдайы қанағаттанарлық.
ДОТІЖО Г.Д.Амантаева
20.05.2022 жылы мектеп асханасында оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін тексеру жұмыстары жүргізіліп, акт жасалды


