2022-2023 оқу жылы қаңтар айында оқушылардың мектеп асханасынан тамақтануы туралы мәлімет » №7 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№7 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылы қаңтар айында оқушылардың мектеп асханасынан тамақтануы туралы мәлімет
07
февраль
2023

2022-2023 оқу жылы қаңтар айында оқушылардың мектеп асханасынан тамақтануы туралы мәлімет

2022-2023 оқу жылы қаңтар айында оқушылардың мектеп асханасынан тамақтануы туралы мәлімет

«№7 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде -2398 оқушы  мектеп асханасында  ыстық тамақпен тамақтанады.Жапыға білім беру қорынан 1 оқушыға шаққанда тегін ыстық тамақпен қамту бағасы 500 теңге,оның құрамына бір ыстық тамақ, нан және сусын кіреді.Жалпыға бірдей білім беру қорынан 398 оқушы тегін тамақтанды. Жалға алушы тарапынан 20 оқушы тамақтанады. Мектеп асханасында мұғалімдер және әкімшілік тарапынан кезекшілік ұйымдастырылған. Күнделікті тамақтың сапасы мен берілу мөлшері (норма) мектептік құрылған бақылау комиссиясы мен мектеп медбикесі С.Д.Сарсембаева тарапынан бақылауға алынған.

      Мектеп асханасының жұмыс тәртібі және оқушылардың тамақтану кестесі директормен бекітілген.Жалпыға бірдей білім беру қоры мен жалға алушы тарапынан асханадан тамақтанатын оқушылардың тамақтану кестесі де құрылып, директормен бекітілген. Тамақтануды тексеру комиссиясының жұмыс кестесі жасалған.

          Сонымен қатар тамақтың сапасын анықтап отыру мақсатында бракераждық комиссия құрамы құрылған. Комиссия құрамындағылар айына бір  рет асхана тамағының сапасын тексереді және тексеру нәтижесінде акт толтырылады.Айына бір рет тамақтану мен тамақ пісіру орнына тазалық жасалынып, дезинфекцияланып отыру көзделіп, іске асуда.Мектеп асханасында ұсынылатын тағамдар сапасы нормативке сай, ыстық тағамдар түрі күнделікті өзгеріп отырылады. Тыйым салынған өнімдер сатылмайды.Мектеп асханасында қосымша тағамдар сатылады.Атап айтсақ тәтті тоқаштар,ватрушки,картоппен және қырыққабатпен бәліштер,самса етпен және ірімшікпен.

Мектеп оқушыларын ауыз сумен қамтамасыз ету қарастырылған. Оқушыларға мектеп асханасынан қайнатылған су тұтынылады.

Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс.

Мектеп асханасынан арнайы кестеге байланысты бастауыш, кадет сынып оқушылары  және ЖБББ қорынан тегін тамақтанатын оқушылар тамақтанады.

Ай сайын тамақтанатын оқушылардың мониторингі құрылып,жиналыста қаралып отырады.    

ДОІЖО                         Амантаева Г.Д.