2022-2023 оқу жылы І- тоқсан бойынша оқушылардың мектеп асханасынан тамақтануы туралы қорытынды
2022-2023 оқу жылы І- тоқсан бойынша оқушылардың мектеп асханасынан тамақтануы туралы қорытынды
«№7 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде - 2385 бала білім алады, оның 2002 баласы мектеп асханасында ыстық тамақпен тамақтанады.Жапыға білім беру қорынан 1 оқушыға шаққанда тегін ыстық тамақпен қамту бағасы 500 теңге,оның құрамына бір ыстық тамақ, нан және сусын кіреді.Жалпыға бірдей білім беру қорынан 354 оқушы тегін тамақтанды.Қырқүйек айында ЖБББ қорынан тамақтанатын оқушылардың тізіміне 108 оқушы кірді.Жалға алушы тарапынан 20 оқушы тамақтанады. Мектеп асханасында мұғалімдер және әкімшілік тарапынан кезекшілік ұйымдастырылған. Күнделікті тамақтың сапасы мен берілу мөлшері (норма) мектептік құрылған бақылау комиссиясы мен мектеп медбикесі С.Д.Сарсембаева тарапынан бақылауға алынған.
Мектеп асханасының жұмыс тәртібі және оқушылардың тамақтану кестесі директормен бекітілген.Жалпыға бірдей білім беру қоры мен жалға алушы тарапынан асханадан тамақтанатын оқушылардың тамақтану кестесі де құрылып, директормен бекітілген.2022-2023 оқу жылына арналған ыстық тамақтың ұйымдастырылуы туралы жылдық жоспары,ыстық тамақты қадағалау комиссия мүшелерінің жұмыс жоспары және асханаға жүргізілетін тексеру жұмыстарының жоспарлары құрылған.Тамақтануды тексеру комиссиясының жұмыс кестесі жасалған.
Сонымен қатар тамақтың сапасын анықтап отыру мақсатында бракераждық комиссия құрамы құрылған. Комиссия құрамындағылар айына бір рет асхана тамағының сапасын тексереді және тексеру нәтижесінде акт толтырылады.Айына бір рет тамақтану мен тамақ пісіру орнына тазалық жасалынып, дезинфекцияланып отыру көзделіп, іске асуда.Мектеп асханасында ұсынылатын тағамдар сапасы нормативке сай, ыстық тағамдар түрі күнделікті өзгеріп отырылады.Буфеттік тағамдар түрі жиі толықтырылып тұрады. Тыйым салынған өнімдер сатылмайды.Мектеп асханасында қосымша тағамдар сатылады.Атап айтсақ тәтті тоқаштар,ватрушки,картоппен және қырыққабатпен бәліштер,самса етпен және ірімшікпен,учпучмак.
Мектеп оқушыларын ауыз сумен қамтамасыз ету қарастырылған. Оқушыларға мектеп асханасынан қайнатылған су тұтынылады.
Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс.Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әр түрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
Әсіресе, «Ұрпақ денсаулығы -ұлттың саулығы» -демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін-оны назардан тыс қалдыруға болмайды. Сондықтан да мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы мен денсаулығы, олардың дұрыс өсіп жетілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Осыған байланысты мектебіміздің асханасы таңертеңгі 08.30-18.00 -ге дейін жұмыс жасайды. Мектеп асханасынан арнайы кестеге байланысты бастауыш және кадет сынып оқушылары тамақтанады.
Ай сайын тамақтанатын оқушылардың мониторингі құрылып,жиналыста қаралып отырады.
ДОІЖО Амантаева Г.Д.



