20
сентябрь
2021
№7 орта мектебі бойынша «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясын өткізу туралы ақпарат

Қауіп қайдан демеңіз, әр адам өз өмірінің қауіпсіздігіне өзі жауапты. Біз қаншалықты жол ережелерін білеміз және оларды қалай сақтап жүрміз.
Білім басқармасы ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 143-тармағын жүзеге асыру мақсатында мектеп тасымалдауын ұйымдастыру кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз мектеп автобусы №7 орта мектебінде 2021 жылдың 9тамыз- 20қыркүйек аралығында өтті.
Акцияның мақсаты : Қауіпсіз тасымалдау мен санитарлық ережелердің сақталуын ескере отырып, балаларды мектепке және үйге дейін қауіпсіз және жайлы жеткізуді қамтамасыз ету , жол- көлік оқиғалардың алдын алу бойынша қызметін кұқық қорғау органдарымен бірлесіп жандандыру, сондай-ақ балалардың ата-аналар қоғамдастығын, ҰЕҰ және т.б тасымалдауды ұйымдастыру сапасын бақылауға тарту.
Акция ұраны: «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін!»
«Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы барысында мектепшілік бұйрық пен іс-шаралар құрылды.
Іс-шара бойынша бастауыш сыныптарында Республикалық акция «Қауіпсіз автобус» атты тәрбие сағаттары мен сурет сайыс байқауы қашықтықтан ұйымдастырылды. Бастауыш сыныбының 1,2 сынып мұғалімдері сынып сағаттарында жолда жүру ережесін және жол белгілерін таныстырды. 3,4 сынып оқушылар арасында «Жол қауіпсіздік ережелері» туралы сабақ өткізілді. Мұнда ереже таныстырылды, балалармен сұрақ-жауап жүргізілді. Нәтижесінде балалар түсінгендерін постерға түсіріп, «Автобус ішіндегі ереже», «Автобус сыртындағы ереже» және «Жаяу жүргінші ережесі» бөлімдері бойынша анықтамалар құрастырылды. Соңында мозайка ойыны ойнатылып, жол көліктері мен қауіпсіздік ережелері белгілерін жылдам әрі шапшаң құру тапсырмасы берілді.
3-4 сынып оқушыларына жолда жүру ережелерін меңгерту мақсатында сурет байқауы өткізілді.
3,4 сыныптар арасында өткізілген сурет байқауының нәтижесінде 1- дәрежелі дипломмен 4 «Б» сынып оқушысы Ескермес Айша(жетекшісі М.Ж.Сегизбаева), 3 «Д» сынып оқушысы Берикбол Айару (жетекшісі С.Е.Эдильгириева), Гран-При 4 «Г» сынып оқушысы Плотникова Елена (жетекшісі С.Е.Эдильгириева ). Сондай-ақ 5-10 сыныптар аралығында «Қауіпсіз мектеп автобусы атты тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Сынып жетекшілер өткізілген сынып сағаттарында балалардың әр уақытта сақ және мұқият болуға, жол ережелерін бұзбай жүруге , тәртіпті сақтауға шақырды. Сынып сағаттарына белсене қатысқан төмендегі сыныптар: 5А, 5Е, 5Ә, 6Б, 6В, 6Е, 6Ж, 7А, 7 Б, 7Ж, 8А, 8Б, 8Г, 9 А, 9 Ә, 9 Б, 10А;
«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы барысында №7 орта мектебі мен №38 мектеп гимназиясы бірігіп комиссия мүшелерімен « Арман ықшамауданы мен «Калинин» саяжайларына «Қауіпсіз мектеп автобусы» атты рейд жүргізілді. Рейд мақсаты: Мектеп автобусының аялдамаға уақтылы келуі, оқшылардың уақтылы автобусқа отырып, мектепке жеткізілуі, автобустың санитарлық жағдайы, жүргізушілердің қажетті құжаттарының талапқа сай жүргізілуі. Рейд жүргізу барысында төмендегі жағдайлар анықталды: оқушыларды тасмалдайтын автобустар уақтылы аялдамада болды. Автобус жүргізушілері берілген сызба бойынша бағыттарын өзгертпей, дұрыс бағытпен жүріп отырды. Сонымен қатар қауіпсіз жол мен қауіпсіз мектеп автобусын қалыптастыру бойынша тексерулер жүргізілді, техникалық жағдайына тексеру жүргізілді, тахографтардың бар болуы және олардың жарамдығы, балаларды білім беру мекемелеріне тасымалдауды үнемі жүзеге асыратын техниканың тексерістен өткендігі туралы анықтама бар. Мектепке тасымалдайтын жолдың қауіпсіздігі қарастырылған. «Балалар», жаяу жүргіншілер жүретін жол белгісі «Жаяу жүргіншілер» өтпесі бар. Көліктердің жолда жүру сызбалары бар. Балаларды тасымалдайтын көлікте (автобуста) арнайы жарық және дыбыс белгісі бар. Мектеп автобустарының жүргізушілеріне жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысы ережесінің бұзылуына жол бермеу тақырыбында нұсқаулықтар өткізілген.
Тасымалданатын оқушыларға ай сайын, ана-аналарына жылына 1 рет арналған қауіпсіздік техникалары бойынша нұсқаулықтар өткізілді.Тасымалданатын сынып оқушыларына мектеп медбикесі С.Д.Сарсембаева жол апаты болған жағдайда алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетуін үйретті.
Мектепте кезекшілік кестесі құрылып, күнделікті оқушылардың тасымалдануы қатаң қадағалауға алынған.
Директордың ОІЖО Р.С.Ашимбекова