№7 орта мектебінің асханасында оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша 2023 жылдың сәуір айының есебі
№7 орта мектебінің асханасында оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша 2023 жылдың сәуір айының есебі
2023 жылдың сәуір айында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көп балалы, толық емес, сәтсіз отбасыларында тәрбиеленетін 396 ( үш жүз тоқсан алты) оқушы мектеп асханасында жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен тегін тамақтанды. Кәсіпкер Г.Т.Есенбаеваның есебінен отбасы жағдайы төмен аз қамтылған 20 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған.
Мектеп бойынша 2398 оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Күнделікті мектеп асханасында 2000 оқушы ата-ана көмегімен тамақтанады. Бір балаға берілетін ыстық тамақтың бағасы 500 теңге, оның құрамына бір ыстық тамақ, нан және сусын кіреді.
Ыстық тамақпен бастауыш сынып оқушыларынан 993 бала қамтылса, 1405 оқушы 5-11 сынып оқушылары арасынан қамтылды.
Оқушылар арнайы бекітілген кесте бойынша, сынып жетекшісінің қадағалауымен ыстық тамақтарын күнделікті ішіп отырады.
28.04.2023 жылы мектеп асханасында оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін тексеру жұмыстары жүргізіліп, акт жасалды. Тексеру барысында асханада оқушылардың тамақтану сапасына және асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы бойынша ескерту болмады.
ДОТІЖО Г.Д.Амантаева
28.04.2023 жылы мектеп асханасында оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін тексеру сәтінен көріністер



