2022-2023 оқу жылы ІҮ-тоқсан бойынша оқушылардың мектеп асханасынан тамақтануы туралы қорытындысы » №7 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№7 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылы ІҮ-тоқсан бойынша оқушылардың мектеп асханасынан тамақтануы туралы қорытындысы
05
июнь
2023

2022-2023 оқу жылы ІҮ-тоқсан бойынша оқушылардың мектеп асханасынан тамақтануы туралы қорытындысы

2022-2023 оқу жылы ІҮ-тоқсан бойынша оқушылардың мектеп асханасынан тамақтануы туралы қорытындысы

 «№7 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 2022-2023 оқу жылының ІҮ тоқсанында    жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,      аз қамтылған, көп балалы, толық емес, сәтсіз отбасыларында тәрбиеленетін 396 ( үш жүз тоқсан алты) оқушы мектеп асханасында жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен мамыр айының 31-іне дейін тегін тамақтанды. 4«З»сынып оқушысы Болат Әлібек  үйде оқитындықтан отбасының әлеуметтік жағдайын ескеріп тамақтың ақшасын ата-анасының қолына берілді. Кәсіпкер Г.Т.Есенбаеваның есебінен  отбасы жағдайы төмен аз қамтылған 20 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. 

Мектеп бойынша 2398 оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Күнделікті мектеп асханасында 2000 оқушы ата-ана көмегімен тамақтанады. Бір балаға берілетін  ыстық  тамақтың   бағасы 500 теңге, оның құрамына бір ыстық тамақ, нан және сусын кіреді. 

Ыстық тамақпен бастауыш  сынып   оқушыларынан  993 бала  қамтылса, 1405 оқушы 5-11 сынып оқушылары арасынан қамтылды.

               Оқушылар арнайы бекітілген кесте бойынша, сынып жетекшісінің қадағалауымен ыстық тамақтарын күнделікті ішіп отырады.

             23.05.2023 жылы мектеп асханасында оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін тексеру жұмыстары жүргізіліп, акт жасалды. Бракераждық комиссия мүшелері тарапынан мектеп асханасындағы тағамның дәруменділігі бақыланып, хаттамаға енгізілді. Тексеру барысында асханада оқушылардың тамақтану сапасына және асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы бойынша ескерту болмады.

            12.04.2023 жылы аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес мектеп асханасындағы жалға алушылардың   оқушыларды сапалы тамақтандыруы және оқушылардың тамақтану жұмыстары зерделенді.

Мектепте оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмыстарын ұйымдастыру мектеп әкімшілігі және сынып жетекшілері арасынан күнделікті кезекшілік ұйымдастырылған. Ай сайын тамақтанатын оқушылардың мониторингі құрылып,жиналыста қаралып отырады.    

 Күнделікті тамақтың сапасы мен берілу мөлшері (норма) мектептік құрылған бақылау комиссиясы мен мектеп медбикесі С.Д.Сарсембаева тарапынан бақылауға алынған. Тыйым салынған өнімдер сатылмайды. Мектеп оқушыларын ауыз сумен қамтамасыз ету қарастырылған. Оқушыларға мектеп асханасынан қайнатылған су тұтынылады.



ДОІЖО                         Амантаева Г.Д.